Жаңалықтар

1 сынып оқулығына жазылған "өл" сөзі: Кітап авторлары мәлімдеме жасады

  • 1 сынып оқулығына жазылған

    1 сынып оқулығына жазылған "өл" сөзі: Кітап авторлары мәлімдеме жасады

Жақында 1 сынып балаларына арналған көмекші оқу құралында "өл" деген сөздің жазылып тұрғаны жайында ақпарат тарап, көпшіліктің талқысына түскен болатын. Өз кезегінде "Менің алтын жазу үлгім" жазу дәптерін шығарушы "8&8" ЖШС-гі мәлімдеме жасап, "өл, өш, си" сөздеріне түсінік берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Серіктестіктің сөзінше, "өл, өш, си" сөздері кездесетін аталған жазу дәптерін олар бірінші сынып оқушыларына арнап шығарады.

"8&8" ЖШС "Менің алтын жазу үлгім" жазу дәптерін шығарушы болып табылады. Жақында "Dauletten" атымен танымал блогер, оқулықтағы "өл" сөзімен берілген тапсырманы оғаш деп тауып, пікірін білдірген еді. Осы орайда азамат екі әріпті бұрмалап, оларды буын емес етістік ретінде көрсеткен. Блогердің айтуынша, "өл" буынын жазу тапсырмасы балалардың психикасына әсер етіп, суицидке итермелеуі мүмкін. Сондай-ақ ол себебін түсіндірместен балалардың "өш" және "си" буындарын қолдануға қарсы екенін айтады", - делінген мәлімдемеде.

 
Хабарламада мұнымен қоса, блогердің әрекеті жұртшылықтың арасында белгісі бір реакция туғызып, кейбір әлеуметтік желі қолданушылары "Менің алтын жазу үлгім" оқулығын сатылымнан алып тастауды талап еткеніне тоқталады.


1-сыныпқа арналған оқулыққа "өл" деген сөз жазып қойған: Білім министрлігі мәлімдеме жасады


"Білім және ғылым министрлігі мен бірнеше басылымдар "8&8" ЖШС баспасынан шыққан жұмыс дәптеріндегі тапсырманы оғаш және оқу орындарында пайдалануға ұсынылмайтын санатқа жатқызып, белгісіз блогердің әрекетіне әділ баға берудің орнына, арбауына еріп кеткен", - дейді серіктестік.

Сонымен қатар кітап авторлары "өл, өш, си" сөздеріне түсінік беріп өтеді.

"Қазақ тіліндегі "өш" және "си" буындарында ешқандай ұятты немесе басқа да жағымсыз мағына жоқ. Бұл "өл" жазу тапсырмасына да қатысты, онда ешқандай суицидке шақыру жоқ. Қазақ тіліндегі екі әріптің тіркесімі: "ө" және "л"; "с" мен "и"; "ө" мен "ш" сөздері етістіктен бөлек зат есім және сын есімді де құра алатын дербес буындарға жатады", - деп түсіндіреді олар.

"8&8" ЖШС мәлімдемесінің соңында "Менің алтын жазу үлгім" жұмыс дәптеріндегі "өл, өш, си" буындарын жазуға берілген тапсырма 6-7 жас аралығындағы балалардың психикасына зиянды салдар әкелмейтінін және теріс әсер етпейтінін айтады.




Көрілген: 576    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.12.2021, 01:40

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31