Жаңалықтар

12 жастағы бала шахмат тарихындағы ең жас гроссмейстер атанды

  • 12 жастағы бала шахмат тарихындағы ең жас гроссмейстер атанды

    12 жастағы бала шахмат тарихындағы ең жас гроссмейстер атанды

Америкалық Абхиманью Мишра 12 жасында гроссмейстер атағына ие болды. Ол ресейлік шахматшы Сергей Карякиннің рекордын жаңартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі CNN-ге сілтеме жасап.

АҚШ-тың Нью-Джерси штатының тумасы Абхиманю Мишра Эло рейтингісі бойынша 2500 ұпай жинап, титулға қол жеткізу үшін үшінші норманы орындағаннан кейін гроссмейстер ретінде танылды. Рекорд 30 маусымда сәрсенбіде Будапешттегі Vezerkepzo GM Mix турнирі кезінде орнатылды.

 Мишра шешуші сайыста үндістандық Леон Мендоканы жеңген. 

"Ақыры 14 ай бойы менің жоспарларыма бөгет болған ең басты қарсыласым - пандемияны жеңе алдым. Барлығыңызға қолдау көрсеткендіңіз үшін алғыс білдіремін. Әлемдік доданы асыға күтемін", - деп жазыпты Мишра. 

Ол шахматтағы ең жоғарғы лауазымға 12 жаста, төрт ай, 25 күнде ие болды. Бұған дейінгі рекорд шахматшы Сергей Карякинге тиесілі еді, ол 2002 жылы 12 жас жеті айында гроссмейстер атанған.

2009 жылы дүниеге келген Мишра жеті жасында АҚШ шахмат федерациясының сарапшысы болды, тоғыз жасында ең жас ұлттық шебер, ал 10 жасында халықаралық шебер атағын алған.

Stan.kz




Көрілген: 717    Пікірлер: 0

сенбі, 03.07.2021, 12:20

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Қыркүйек, 17:27
    Жолдауға қолдау

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30