Жаңалықтар

2 миллиард қолданушы бар

  • 2 миллиард қолданушы бар

    2 миллиард қолданушы бар

 Мессенджерлер өзара бәсекеге түскен дәуірде бірін үздік деп айту қиын. Десе де ішінде WhatsApp басымдыққа ие. Танымал мессенджер қолданушысы 2 миллиардқа жеткен.

Бұл туралы WhatsApp әкім­­ші­лігі Twitter-де хабарла­ды. Компания енді жеке ақпа­­рат­ты қорғауға көңіл бө­ле­­ті­н­ін жазды. Алдағы уа­қыт­­та WhatsApp арқылы жі­бе­рілген ха­­барламаның бәрі шифр­ла­­нады. Арнайы блогта ха­бар­лама тек телефонда сақ­та­­­­латынын, оны үшінші бір адам оқи алмайтынын жаз­ған. Қо­ңыраудың да тыңдал­май­ты­нын, тіпті бұған мессенджер әкімшілігінің де мүмкіндігі жоқ екенін атап өткен. Мес­сенд­­жерде орындалған бар пәрмен қолданушы мен әңгі­ме­­лесуші арасында қалатынын көр­сеткен.

WhatsApp-тың мұндай мә­лімдеме жасауына БҰҰ қыз­мет­керлерінің мәлімдемесі се­беп болды. БҰҰ бас хатшы­сы­ның орынбасары Фархан Хақ 23 қаңтарда өткен бри­финг­те қызметкерлерінің мес­сенджерге күмәнмен қа­рай­тынын айтты. Оның мә­лім­деуінше, БҰҰ қыз­мет­кер­лері WhatsApp-қа кірмейді. Олардың ойынша, WhatsApp қауіпсіз механизм емес.

Бас хатшының бұлай де­уіне бірнеше жағдай себеп бол­ды. Соның бірі – Ama­zon компаниясының бас­шы­сы Джефф Безостың теле­фо­нын­дағы ақпараттың тара­луы. Бұдан бөлек, Telegram мес­сенд­жерінің негізін қалау­шы Павел Дуров та WhatsApp-ты сынап жүр. WhatsApp қол­да­ну­шы жазған хатты, файл­ды қорғауға қауқары жоқ екенін бірнеше мәрте айт­қан. Ол өз тарапынан бір­неше болжам жасады. Мессенджерден ақау шығаты­ны, мұны хаккерлер өзінше пайдалатынын көр­сет­ті. Тіпті мемлекеттік меке­ме­лер де жеке мәліметке қол сұға алатынын айтты.

Десе де жаһан жұрты WhatsApp-тан бас тартқан жоқ. 2017 жылы мессенджер қол­­данушысы бір миллиардқа, 2020 жылы екі миллиардқа жетті. 2009 жылы шыққан Whats­App ел арасында жылдам сұра­нысқа ие болды. Табыс әке­летін бастама екенін біл­ген Facebook компаниясы Whats­App-ты 2014 жылы 19 мил­лиард дол­лар­ға сатып ал­ды.

 

aikyn.kz




Көрілген: 315    Пікірлер: 0

жұма, 14.02.2020, 15:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Маусым, 10:40
    Арман алға жетелейді
    7 Маусым, 19:31
    Өнерлінің өрісі кең
    1 Маусым, 15:52
    Балаларға базарлық!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31