Жаңалықтар

Kundelik сайтындағы жартылай жалаңаш әйелдің жарнамасы қазақстандық ата-аналардың жағасын ұстатты

  • Kundelik сайтындағы жартылай жалаңаш әйелдің жарнамасы қазақстандық ата-аналардың жағасын ұстатты

    Kundelik сайтындағы жартылай жалаңаш әйелдің жарнамасы қазақстандық ата-аналардың жағасын ұстатты

Қазақстандық ата-аналарды Kundelik білім беру платформасының веб-сайтында көрсетілген жартылай жалаңаш әйелдері бар жарнама жағасын ұстатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Лада" басылымына сілтеме жасап.

Танымал PR маман Нүркен Халықберген наразылық білдіріп, жазба жариялады.

 
"Мұндай жарнаманы "Күнделик" республикалық сайтында қалай көрсетуге болады, онда ата-аналардан басқа оқушылар, соның ішінде бастауыш сынып оқушылары да бар.

Егер Kundelik сайтының әкімшілігі контекстік жарнаманы қалай реттеу керек екенін білмесе, оны өшіріңіздер. ҚР Білім және ғылым министрлігі – сіз реттеушісіз және жеткізуші ретінде таңдаған, барлық оқушылар мен олардың ата-аналары жүктеген сайт контентіне жауаптысыз", - деді Facebook парақшасында Нүркен Халықберген.

Жарияланымға ҚР БҒМ баспасөз қызметі жауап берді. Шенеуніктер компьютерде кеңейту түрінде "вирус" болуы мүмкін екенін айтады.

"Құрметті ата-аналар! Күнделік сайтын әзірлеушілердің ақпараты бойынша, спамның бұл түрі сайт жұмысындағы қате емес, ол компьютеріңізде браузер үшін кеңейту/толықтыру түрінде "вирус" болуы мүмкін екенін көрсетеді. Қай сайтқа кірсеңіз де, әртүрлі жарнамаларды көресіз. Сондықтан бұл контенттің түрі "Күнделік" сайтына жатпайды, браузерде тек бір қолданушыға ғана көрінеді", - делінген хабарламада.




Көрілген: 378    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 05.05.2021, 13:46

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30