Жаңалықтар

АҚШ президенті қазақстандық Сәуле Омарованы лауазымды қызметке тағайындайды

  • АҚШ президенті қазақстандық Сәуле Омарованы лауазымды қызметке тағайындайды

    АҚШ президенті қазақстандық Сәуле Омарованы лауазымды қызметке тағайындайды

АҚШ президенті Джо Байден Корнель университетінің профессоры Сәуле Омароваys ақша айналымын бақылау басқармасының басшысы қызметіне тағайындамақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіі Bloomberg.com сайтына сілтеме жасап.

Тағайындау жұмысымен таныс үш бірдей адам Сәуле Омарованың бір апта ішінде басқарма жұмысына тартылатынын растады. Алайда Ақ үй ақпаратты ресме түрде нақтылаған жоқ. Қазақстанның тумасы Сәуле Омарова осы қызметке тағайындалса, АҚШ тарихында алғаш рет банк секторының негізгі реттеушісін әйел адам басқарады.

 
"Ақша айналымын бақылау басқармасы елдің ірі кредиторларын бақылайды. Олардың ішінде JPMorgan Chase & Co., Bank of America Corp. және Citigroup Inc. бар. Корнель университетінің заң факультетінде дәріс беріп жүрген Омарова таңдалса, Уолл-стритке оңай болмайды. Қатты бақылау мен қатаң ережелер енгізіледі деген болжам бар", - дейді мақала авторы.

Айта кетері, биыл тамыз айының басында АҚШ қаржы министрлігі валюталық бақылау басқармасының басшысы қызметіне Сәуле Омарованың кандидатурасы ұсынылғаны туралы ақпарат таратқан.

Сәуле Омарова қаржы институттарын реттеу, банк құқығы мен халықаралық және корпоративтік қаржы саласын меңгерген.

Джордж Буш президент болған кезде Сәуле Омарова қаржы министрлігінің реттеу саясаты бойынша арнайы кеңесшісі болған. Davis Polk & Wardwell заңгерлік фирмасында бес жыл жұмыс істеп шықты.

2014 жылы Корнелл университетінің заң мектебіне келмес бұрын, ол Солтүстік Каролина университетінің заң мектебінде профессор болды. Омарова, сонымен қатар ММУ, Висконсин университеті және Солтүстік-Батыс құқық университетін бітірді.

Stan.kz




Көрілген: 573    Пікірлер: 0

жұма, 24.09.2021, 12:33

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 00:34
    Ұстаз мерейі
    24 Қыркүйек, 17:13
    Табиғаттың өзі емші!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31