Жаңалықтар

Алматыда Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімінің қызы аяусыз соққыға жығылды

  • Алматыда Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімінің қызы аяусыз соққыға жығылды

    Алматыда Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімінің қызы аяусыз соққыға жығылды

Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімінің қызы Тамара Шакирова Алматыдағы үйдің ауласында аяусыз соққыға жығылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Оқиға 8 наурызда болған. Шакированың айтуынша, ар-намысын қорғау үшін сотталушы Санавар Закирова қызына шабуыл жасаған. "Соттағы жеңіліс Закированы біздің үйдің қақпасына әкелді", - дейді Тамара Шакирова.

Мұғалімнің өзі үйде болмаған, сондықтан оның 39 жастағы қызы аулаға шыққан. Шақырылмаған қонақ өзін жұдырығымен ұрып жіберді. Нәтижесінде ми жарақатымен әйел ауруханаға жеткізілді. "Оның ерні ісіп кеткен, беті тырналған, шашы жұлынған. Қызым 8 наурызда оған қандай-да бір зұлым ниетпен адам келетінін елестете де алмаған. Мен оның зұлымдықпен келгеніне сенімдімін. Ол мені үйде болады деп ойлаған", - деді мұғалім.

Әйелді ессіз күйінде ұлы тапқан. "Жекпе-жек деп айту қиын. Бұл, мүмкін, адамды ұрып-соғу. Мен бұл өмірде немесе біздің отбасымызда бұндай жағдай болады деп ешқашан ойламаппын. Ондайды тек фильмдерден көрнгенмін, бірақ адамдар мұндай қатыгездікке қабілетті екендігі енді ғана белгілі болды", - деді Ильнур Нарбеков.

Полиция бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. "Бұл мәлімдеме Медеу аудандық полиция бөліміне түсті. Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 107-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген", - деді Салтанат Әзірбек.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың күзінде "Нұр Отан" партиясының төрт мүшесі белсенді Санавар Закирова, Марат Турымбетов және Альнур Ильяшевке қарсы өз абыройларын қорғауға сотқа жүгінген болатын. Сот белсенділерге "Нұр Отан" партиясы "Біздің құқығымыз" деп аталатын өзінің партиясын құруға кедергі келтірді деген ақпаратты жоққа шығаруға, көпшілік алдында кешірім сұрауға және талапкерлерге қайырымдылық жасауға жіберуге келіскен, соныен қатар талапкерлерге өтемақы төлеуге міндеттеді. 




Көрілген: 193    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.03.2020, 09:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Наурыз, 23:08
    Мектепте оқу қауіпті
    1 Наурыз, 20:14
    Алғыс айтып жүрейік...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30