Жаңалықтар

Алматыда студенттер ЖОО-да пара алатын қызметкерлердің есімдерін атады

  • © astanatv.kz

    © astanatv.kz

Алматыда жемқорлыққа бір табан жақын жоғарғы оқу орындарының аты аталды. Әлеуметтік сауалнамаға қаладағы жетекші 30-дан астам оқу орнының студенттері қатысқан. Тіпті, парақор оқытушылардың аты-жөндері де аталған.


Сауалнама жүргізілген 33 жоғарғы оқу орнының 15-де студенттер жекелеген фамилияларды атаған. Олардың қатарында оқытушылар мен әкімшілік қызметкерлері бар.


Соның ішінде ең көп аты аталған «бестік» мыналар:


Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы, Орта Азиялық университет, Тынышбаев атындағы көлік және коммуникациялар академиясы, Қазақ-Ресей медициналық университеті, Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы.


Жасырын жүргізілген әлеуметтік сауалнамада жемқорлықтан біршама алшақ оқу орындары да белгілі болды.


Қайыржан ТОҚЫШЕВ, «SANALY URPAQ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:


- Егер, тыңғылықты қарайтын болсақ, сұралғандардың 70 пайызы ешқашан жемқорлықпен ұшыраспағанын айтты. Ал, қалған 29 пайызы керісінше парамен байланыста болғанын көрсетіпті. Енді осында аталған әр оқу орнымен жеке-жеке жұмыс жүргіземіз. Аты-жөндері аталатын мұғалімдер де бар. «Анау апай, мынау ағай» деп есімін жасырғандарды жоғарғы оқу орындарының басшылығы табады деп ойлаймын.


Ол өз мамандығында оқымайды не оқығысы келмейді. Ата-анасы қинап түсіргендер бар, меніңше осыдан соң бәрін парамен шешеді. Мемлекетіміздің азаматы сондай жолға баратын болса, біздің мемлекет көркеймейді. 


Ал, әлеуметтік сауалнама жүргізгендер анкетада көрсетілген оқытушылар есімдерін жарияламай отыр. Тізімді жоғарғы оқу орындарының ректорларына жолдамақ.


Асылбек ҚОЖАХМЕТОВ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:


- Университеттің ішінде басшылардың позициясы мықты болуы керек. Жемқорлықпен күресу оңай емес. Тіпті ең әділ оқытушыны қаралап жіберетін кез болады. Бірақ, тәжірибеден білеміз, кімнің параға жақын екенін байқау қиын емес. Ондай мұғалімдермен біз жұмыс жасамаймыз. Көп жағдайда студенттер олардың аты-жөндерін жасырып қалады.


Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ, ТІЛШІ:


- Зерттеушілер жемқорлық белгісі бар фактілерді құзырлы органдарға тапсырмайтындарын айтады. Мамандар мұндай әлеуметтік сауалнама алғаш рет жүргізіліп отыр, сондықтан мәселемен ректорлар айналысуы тиіс деп шешіпті. Анкета сұрақтарына 10 мың студент жауап берген. Айта кету керек, бұл бастама қазір республиканың барлық аймағында жүргізіліп жатыр. Оның қортындысы жақында жарияланады.


 astanatv.kz




Көрілген: 952    Пікірлер: 0

жұма, 19.04.2019, 09:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Сәуір, 10:35
    Жыл басы – Наурыз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31