Жаңалықтар

"Алматыда студенттерді жатақханадан қуып жатыр" - вице-министрдің жауап берді

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Білім және ғылыми вице-министрі Мирас Дәуленов алматылық студенттерді жатақханадан қуып жатқаны туралы ақпаратты фейк деп атады , деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттері қашықтан оқуға жіберілгені белгілі. Осыған байланысты әлеуметтік желіде қаланың бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сүйеніп, кейбір студенттерді жатақханадан күшпен шығарып жатқаны туралы ақпарат тарады.

 

Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов бұл ақпаратты «фейк» деп атады.

 

«Алматыда студенттерді жатақханалардан күштеп шығарып жатыр екен деген мәлімет шындыққа жанаспайды. Бұл – фейк. Алматыда 38 жоғары оқу орны бар. Барлық ЖОО басшыларымен сөйлестік. Студенттерді жатақханадан қуу туралы мысалдар жоқ. Бұл деректер расталған жоқ. Сондықтан, бірнеше сағаттың ішінде бұл мәселе шешіледі деп ойлаймын», - деді ведомство өкілі.

 

Мирас Дәуленов үй жағдайында қашықтан оқуға мүмкіндігі жоқ студенттерге жаңа стандарт бойынша жатақханада тұрып оқу мүмкіндігі ұсынылғанын ескертті.

 

«Бас санитарлық дәрігердің қаулысы туралы айтсақ, бұл Денсаулық сақтау министрлігінің құзырындағы шаруа. Менің айтқым келетіні, үй жағдайында қашықтан оқуға мүмкіндігі жоқ студенттерге арнап күзде жатақханалар ашқан болатынбыз. Оның жұмысы санитарлық-эпидемиологиялық режим талаптарына сәйкес келеді. Мысалы бұрын жатқаналарда 3-4 адам тұрып келсе, қазір 2 адаммен шектеп отырмыз. Денсаулық сақтау министрлігінен осындай жағдайда оқып жатқандарға рұқсат беру бойынша жұмыс жүргіздік. Оқу жылының аяқталуына 1,5 айдай ғана қалғандықтан, студенттердің Алматыдан ұзап кеткені бізге де керек емес. Жалпы алсақ, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында колледж бен унриверситет студенттері қашықтан оқуға жіберілген. Біз санитарлық қаулыны сақтап отырмыз», - деді вице-министр.

 

 

 




Көрілген: 277    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 31.03.2021, 20:00

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Наурыз, 16:06
    Тарихи күн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31