Жаңалықтар

Алматыда университет ректоры стипендияға бөлінген 1,7 млрд теңгені жымқырған

  • https://m.azh.kz/

    https://m.azh.kz/

Еліміздегі білім беру саласында үш жыл ішінде 400 сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық тіркелді, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

 

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов еліміздің жоғары оқу орындары ректорларының қатысуымен өткен кеңесте мәлім етті.

 

Оның айтуынша, соңғы үш жылда 270 адам қылмыстық жауапқа тартылыпты. Олардың арасында білім вице-министрлері облыстық және аудандық деңгейдегі білім басқармалары мен бөлімдерінің басшылары, ЖОО ректорлары, мектеп директорлары және тағы басқалары бар.

 

Мысалы, биыл жазда халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің бұрынғы ректоры Дамир Шыныбековке қатысты айыптау үкімі (8 жыл) күшіне енді. Ол бухгалтерімен бірге стипендияға бөлінген 1,7 миллиард теңгені ұрлаған, — деді Марат Ахметжанов.

 

Агенттік төрағасы сонымен қатар Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің басшылығына және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды тұлғаларына қатысты университеттің жер телімін заңсыз иеліктен шығару фактісі бойынша іс тергеліп жатқанын атап өтті.

 

 

 

 




Көрілген: 1582    Пікірлер: 0

жұма, 22.10.2021, 19:43

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31