Жаңалықтар

Алматының үздік мұғаліміне пәтер кілті табысталды

  • Алматының үздік мұғаліміне пәтер кілті табысталды

    Алматының үздік мұғаліміне пәтер кілті табысталды

"Алматының жыл мұғалімі" байқауының гран-при иегеріне пәтер кілті тапсырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев "Алматының жыл мұғалімі" байқауының Гран-при иегері, №39 мамандандырылған лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Нұржігіт Амановқа Alma City жаңа тұрғын үй кешенінен сыйлыққа берілген пәтердің кілтін табыстады.

 
Ал 1 орынды иеленген №10 гимназияның физика пәнінің мұғалімі Дарын Сайыновқа автомобиль берілді.

Екінші және үшінші орын алған №96 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Раиса Цой және №92 мамандандырылған лицейдің химия пәнінің мұғалімі Суннатулла Каумбаев ақшалай сыйақымен марапатталды.

Сонымен қатар, 10 үздік педагог, оның ішінде балабақша тәрбиешілері қала әкімінің гранттарын алды. Республикалық "Үздік педагог" байқауы қалалық турының жеңімпаздарына ақшалай сыйлықтар берілді.

"Өз мамандығы бойынша үздіктерді анықтауға бағытталған шара дарынды мұғалімдерді қолдап, беделін арттырып, озық педагогикалық тәжірибені бөлісу мақсатында өткізіледі", -  деп атап өтті Сағынтаев.

Мектепке жаңа келген жас мұғалімдер үшін осымен үшінші жыл қатарынан бір реттік материалдық көмек көрсетілуде. Ағымдағы жылы оны 33 млн теңгеден астам сомаға 566 жас маман алады.

Мұғалімдердің тұрғын үй жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөлінеді. "Алматы жастары 3.0" қалалық бағдарламасы бойынша өткен жылы білім беру саласының 307 қызметкері пәтер алды. Биыл 245 педагог жеңілдетілген несие беруді пайдаланды.




Көрілген: 487    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.10.2021, 12:34

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 00:34
    Ұстаз мерейі
    24 Қыркүйек, 17:13
    Табиғаттың өзі емші!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31