Жаңалықтар

Асхат Аймағамбетов: Мектептер жаңа форматпен жұмыс істеуге дайын

  • https://activityedu.ru/

    https://activityedu.ru/

Каникул аяқталған соң қажет болған жағдайда оқушыларды қашықтықтан оқыту үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Каникул аяқталған соң қажет болған жағдайда оқушыларды қашықтықтан оқыту үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бұл тұрғыда арнайы топ құрған болатынбыз. Бұл топ бір жарым ай бойы жұмысын атқарып жатыр. Егер 5 сәуірден кейін жағдай реттелмейтін болса, біз қашықтықтан оқыту жүйесіне көшуге дайынбыз. Қазіргі уақытта осы жүйені контентпен қамтамасыз ету, оны толтыру, педагогтарды оқыту, сервистерді тестілеу және басқа да жұмыстарды жүргізіп, оны 5 сәуірге дейін аяқтап, қажет болған жағдайда осы жаңа форматпен жұмыс істеуге дайын боламыз», - дейді Асхат Аймағамбетов.

 

Ол барлық колледждер мен ЖОО студенттері 16 наурыздан бастап қашықтықтан оқыту технологиялары негізінде білім алуға көшкенін айтты.

 

«Оқу процесі бекітілген оқу жүктемесіне, жоспарына сай жүргізіледі. Бізде 790 колледж бар. Бәрі 100% аталған бағдарламаны игеріп отыр деп айта алмаймыз, бірақ басым көпшілігі осы бағдарламамен жұмыс істеп жатыр. Біз тиісті мониторинг жүргізіп жатырмыз. Мұғалімдер де жаңа жүйеге бейімделуде. ЖОО-лар үшін қашықтан оқу технологиясымен таныс және күнде пайдаланып жүрген құралдың бірі болғандықтан қиындық тудырып жатқан жоқ. Көптеген университет тапсырма берілген сәттен бастап бірден қашықтықтан оқыту жүйесіне көшіп кетсе, қалғаны бүгін көшті», - дейді ол.

 

 

 




Көрілген: 439    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 16.03.2020, 22:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Маусым, 10:40
    Арман алға жетелейді
    7 Маусым, 19:31
    Өнерлінің өрісі кең
    1 Маусым, 15:52
    Балаларға базарлық!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31