Жаңалықтар

Әсіре шығысшыл да, әсіре батысшыл да ана тіліне қанықпағаннан шығады - ғалым

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Бастауыш мектеп «сұмдық пікір, суық қолдан» тыныш болуы керек. Мұндай пікірді Мемлекеттік тілді дамыту институтының атқарушы директоры, филология ғылымдарының кандидаты Бижомарт Қапалбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Ахмет Байтұрсынұлының «Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шығады» деген сөзі бар. Біз қазір «балам» деп тәрбиелемесек, ұлттың тамырын, дінін қатайтпасақ, ол бала батыстың да, шығыстың да «желіне» домалайтын болады.

Ұлттық құндылық, ұлттық тарих, салт-дәстүр, мәдениет - барлығы да ана тілінен шығады. Әсіре шығысшыл да, әсіре батысшыл да ана тіліне қанықпағаннан шығады.

Баланың тамыры қаңбақ сияқты болады. Ал бізге болашағымызға мықтап серттесу үшін баланы ұлттық құндылыққа толық тамыр жаятындай деңгейде өсіруіміз керек. Тіл мәдениеттен де, білімнен де, ақпараттан да үлкен. Тіл солардың сақталатын ыдысы, таратылатын, жеткізілетін құралы. Яғни, біз алдымен, тілді дұрыстауымыз керек. Тәрбиенің барлығы алдымен, бастауыш мектептен басталады», - деді ол.

 

Отбасы күні аясында өткен дөңгелек үстел отырысында. Оның айтуынша, қазіргі уақытта дәстүрлі тәрбие көзі болғанымен - әлсіз. Бүгінгі ұрпақты электронды құралдар мен гаджеттер тәрбиелеп отыр.

 

«Осы орайда мектептің рөлі өте ерекше. Өйткені, бала 6 жастан 17 жасқа дейінгі ғұмырын мектепте өткізеді. Бастауыш мектеп «сұмдық пікір, суық қолдан» тыныш болуы керек», - деді ғалым.

 

Сонымен қатар ол қазақ тілінің Қазақстан аумағында толық таралуы қажеттігін баса айтты.

 

«Қазір қазақ тілін төменнен талап ету күшті. Әлеуметтік желіде «Мен Қазақстанда, өз жерімде тұрмын. Маған қазақша қызмет көрсетіңіз» деген талап күшейе түскен. Енді тіл саясатын да соған қарай өзгертуміз керек. Өйткені, «мемлекеттік» деген анықтамасы бар мемлекеттік тіл мемлекеттік шекара мен мемлекеттік қауіпсіздік деңгейінде қорғалуы тиіс», - деді Бижомарт Қапалбек.

 




Көрілген: 325    Пікірлер: 0

жұма, 11.09.2020, 17:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 00:14
    БАЛАНЫҢ КӨЗІНШЕ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31