Жаңалықтар

Атырауда құрылысшылар 440 млн теңгеге жөндеген мектепті мұғалімдер қайта жамап жүр

  • © 31 арна

    © 31 арна

Атырауда былтыр 440 миллион теңгеге күрделі жөндеуден өткен мектептің едендерінің тесіктерін мұғалімдер өздері жамап жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап.

 

Қазынаның қаржысы игерілген. Біткен жұмысты жауаптылар қабылдап алған. Алайда миллиондап қаржы бөлінсе де сапа сын көтермейді. Білім ордасының есік-терезесі қаңырап, едені шұрық-тесік күйінде қалған. Атырау қаласындағы Мақаш Бекмұханбетов атындағы мектептің мәселесін қызметкерінің бірі әлеуметтік желіге салған.

 

Тіпті 440 миллион теңгеге толықтай күрделі жөндеуден өткен мектептің еденінің тесіктерін қызметкерлер өздері жамап жатыр деп, айтқанына дәлел болатындай суреттерді де жариялапты. Мұны мектептің мұғалімдерінің бірі растады. Оның сөзінше миллиондап қаржы бөлінгенімен сапасы сын көтермейді.

 

“Еріксіз мәжбүрлі түрде. Сырттағы бітпей қалған жұмыстың барлығын мұғалімдер жасады. Жер-жерде боқтық қалды.Соның барлығын қызметкерлер жасады. Жігіттер жағын шақыртып жасатты”, – дейді М.Бекмұханбетов атындағы орта мектеп мұғалімі Раиса Жумабаева.

 

Ал мектеп директорының сөзінше жөндеу жұмысын жасауға мұғалімнің өзі ұсыныс жасапты.

 

“Дене шынықтыру мұғалімі ұсыныс жасады. Еден көрікті болуы үшін, одан әрі жақсарту мақсатында бір-екі саңылау болды соны апай бітеп тастасақ қайтеді деп өз еріктерімен 2-3 жерді бітеді”, - дейді М.Бекмұханбетов атындағы орта мектеп директоры Айнұр Салықова.

 

Атырау облыстық Білім беру басқармасы өкілдерінің сөзінше қазір мектеп директорына тәртіптік шара қолданылған.

 

 

 




Көрілген: 403    Пікірлер: 0

сейсенбі, 18.05.2021, 09:09

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31