Жаңалықтар

Аймағамбетов ата-аналарға, мұғалімдерге және оқушыларға үндеу жасады

  • © Tengrinews.kz

    © Tengrinews.kz

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылында бірінші тоқсанда қашықтан оқыту туралы шешім қабылданғандықтан ата-аналарға, оқушылар мен мұғалімдерге үндеу жасады, - деп хабарлайды   Tengrinews.kz тілшісі.

 

"Қымбатты ата-аналар, төртінші тоқсан кезінде түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс айтқым келеді. Балалар мен мұғалімдерге, ата-аналарға өте қиын болды. Бірақ сіздер жағдайға түсіністікпен қарадыңыздар.

Сіздердің осындай шешімге түсіністікпен қарағандарыңызды қалаймын. Бұл кезең аяқталатынына және біздің балалар мектепке оралатынына сенімдімін. Қазір біз білім беру сапасын қамтамасыз ету үшін барлық шараны қолданамыз",-деді министр ОКҚ-дағы онлайн-брифингте.

 

Ведомство басшысы оқушыларға да үндеу жасады.

 

"Балалар мектепті, достары мен мұғалімдерін сағынды. Шыдамдылық қажет! Біз коронавирусты жеңеміз, сіздер міндетті түрде мектепке барасыздар, бірақ қазір жақсылап демалып, оқу жылының басына дайындалу керек.

Ата-анады тыңдау керек, өтіп жатқан сабақтарға белсенді қатысу керек. Біз қашықтан оқытудан ешнәрсе жоғалтпайтындай етіп жасай аламыз", - деді Асхат Аймағамбетов.

 

Сондай-ақ министр мұғалімдерге үндеу жасады.

 

"Сіздерге өте үлкен жүктеме болды Біз сіздерге алғыс айтамыз. Демалыстан кейін біз сабақ, біліктілікті арттыру арнайы курстарын дайындап, оқу жылын қашықтан бастайтын боламыз", - деді министр мұғалімдерге.

 




Көрілген: 334    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.07.2020, 15:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 00:14
    БАЛАНЫҢ КӨЗІНШЕ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30