Балаларға бар жағдайды жасаған Дана мектебі!

Балаларға бар жағдайды жасаған Дана мектебі!

«Алты алаштың баласы бас қосса, төрдегі орын – мұғалімдікі» Мағжан Жұмабаев

«Бір жылға ерте ойласаң – тұқым отырғыз. Егер онжылдыққа ерте ойласаң – ағаш ек. Бір ғасырға ерте ойласаң – адамды тәрбиеле», - дейді шығыс даналығы. Осы тұрғыда «ғасырлығын» ерте ойлап жүрген Күләндә Уәлиханқызының елімізде тиімді білім беру мақсатында Дана мектебін ашып, мектептің өзіндік білім беру мен ұрпақ тәрбиелеудің озық үлгісін қалыптастырып отырғаны ауыз толтырып айтарлықтай еңбек деуге болады.

«Қарапайым басшы» мектептің «жаны» екен
Бәрін басынан бастап айтсам, жақында Айгүл Әбдірейімжанқызымен таныстым. Алматы қаласының іргесіндегі Дана жекеменшік мектебінің атқарушы директоры екен. Алғашында мектеп залында кездесіп қалған оқушының бірі жанымдағы ұстазбен тұра қалып ойын бөлісіп, енді бірі өзінің майда шүйде мәселесін айтып, келесі бірі еркелей кетіп жатқанын көріп, оны мектептің психологы немесе балалармен тығыз жұмыс істейтін мектептің тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі деп ойлап қалғаным рас. Кейін таныса келе білгенім, Айгүл Әбдірейімжанқызы мектептің атқарушы директоры екен. Шыны керек кейбір мектептерде оқушы түгілі пән мұғалімдерінің өзі мектеп директорын ретсіз мазалай алмай, кабинетіне баса көктеп кіре алмайтынын көргендіктен, балалар мен қарамағындағы мұғалімдердің тым еркіндігіне қайран қалдым.

Бар оқушыға, қарамағындағы бар ұстазға бәрін байыппен түсіндіріп, күле жауап беріп отырған жанға ерекше сүйсіндім. Көптен мамандығын жанындай сүйетін, ұстаз деген нағыз атқа лайық маман көрмеген екенмін. Бар өткізген іс-шараларын қағаз күйінде де, электронды нұсқада да «тап тастай», жинақы қалпында сақтапты. «Бізде жаман, жақсы оқушы деген түсінік жоқ, бар бала жеке тұлға, олардың бойындағы таланттарын сыртқа шығару біздің міндетіміз» дейді жаңашыл басшы. Сүйсініп қалдым. Дана мектебіне басшының іскер, білікті, білімді болуына қоса қарапайым болуы ерекше нәр беріп отырғанын байқадым.

Мектептің ішкі ережесі көпке үлгі!
Мектепті аралай жүріп, балалардың қолынан шыққан роботтар мен электр желісіне қоса қалсаң шамдары жанып, қозғалысқа түсетін ойыншық көліктер мен ұшақтарды робототехника кабинетінен көріп таң қалдым. Фитнес бөлмесінде оқушылармен қатар ұстаздарға да бар жағдай жасалыпты. Бассейнде балықша жүзген оқушыларды арнайы жаттықтырушылар бақылап тұр. Одан бөлек шахмат, музыка, домбыра, тай бокс, таэквондо, гандбол, футбол, ағылшын, ментальді арифметика, муай тай, би, гитара, техно-арт, гимнастика, капоэйра, дзюдо, тоғызқұмалақ, логопед, вокаль, логика секілді үйірмелердің әрқайсысының кабинеті өзіне сай безендіріліп, қажетті заттармен жабдықталыпты. Қарасаң көз сүйсінетін көріністі барлық бөлмеден байқадым.


Бәрінен бұрын ұнағаны мектептегі «reading time» дәстүрі болды. Шыны керек қазір қолына әдеби кітап ұстаған баланы көрмейміз. Аталмыш мектепке барғанда мектептің әдеби шығармаларға деген ұстанымын көріп таң қалдым. Залда орналасқан әрбір оқушының шкафының сырты әдеби кітаптардың мұқабасымен безендіріліпті. Шкафтарына шейін әдеби шығармамен көмкерілуі балалардың кітапқұмарлықтарына әсер етері сөзсіз. Күн сайын екі сағат уақыт мектеп бойынша бүкіл оқушыларда әдеби шығарма сағаты болып белгіленген, яғни «reading time».

Барлық сынып сол сағаттарда жаппай әдеби кітап оқиды. Ол аздай әр айда, әр сыныптың оқуы тиіс әдеби шығармаларының арнайы тізімі де жасалғанын көріп, қызығып суретке түсіріп алдым. Айтпақшы оқыған кітаптарын бүкіл мектеп болып мазмұндама да жасайды екен. Қысқасы бұл мектепте әдеби кітап оқу қып-қызыл бәсекеге айналған. Шіркін оқушыларды әдеби шығармаға қызығуға, кітаппен достастыруға барын салатын осы мектепте қайтадан оқушы болсам ғой деп армандадым. Шыны керек балалық шақта уақытымның бос өтпей талай әдеби кітапты кеміргенімнің рахатын қазір көріп жүргенім жасырын емес. Бала балалықпен ненің пайдалы, ненің болашағына азық екенін түсіне бермейді. Осындайда үлкендер балаларға дұрыс бағытты сілтеп жіберсе, өмірлік азыққа айналар еді. Осы орайда мектеп ұжымының тапқырлығына риза болдым. Осы үрдіс бар мектепке енгізілсе көп нәрседен ұтар едік. Айтатын ойын жеткізе алмай, тілі жаңа шыққан баладай кібіртіктеп, сөйлей бастаса сөздік қоры тез таусылатын жастарды көріп аяйтынмын. Түрлі жолдармен әдеби кітап оқуға балаларды баули білген Дана мектебінің дәстүрі көпке үлгі.


Одан бөлек балалардың білім көкжиегін, танымын кеңейтетін «жасыл желек» жобасында балалар жаппай жермен достасып, өз қолдарымен жасыл желек ексе, «жас қаламгер» шығармашылық жобасы шығармашылыққа баулиды екен. Театр сабақтары арқылы балалардың әртістік қабілеті шыңдалса, «апта оқушысы» апталығы балалардың тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететін көрінеді.

«Профессиональный маршрут» жобасы арқылы түрлі мамандық иелерімен кездесу ұйымдастырылып, балалардың мамандық таңдауына ықпал етілсе, «день причесок» секілді жобалар балалардың бойында эстетикалық қасиеттің қалыптасуына әсер ететін көрінеді. Айтпақшы мен мектепке барған сәтте мектепте ата-аналар мен балаларын қатыстыра отырып спорттық шара болып жатыр екен. Мектеп өмірінен ата-аналардың да сырт қалмай, отбасылық шара ретінде белсеніп жүруі бір сүйсінтіп тастады. Тізе берсек мектептегі жобаларды айтып тауысу мүмкін емес екен. Сондай-ақ алыс жақын жердегі мұражайларды аралауды әдетке айналдырған мектеп ұжымы, Жапония, Германия, Түркия секілді елдерге де саяхаттаған мұғалімі мен оқушысы аралас саяхаттағанын көріп тағы бір сүйсіндік.

Қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін түрлі елдерге жіберіп арнайы дайындықтан өткізетін мектеп басшылығының шешімінің арқасында мектепте жүйелі, ыңғайлы, тиімді методикалық әдіс қалыптасқанын байқауға болады. Айтпақшы Айгүл Әбдірейімжанқызы «енді мектепте жас журналистер клубын ашу, аспаздық, тігін үйірмелерін ашу үшін дайындық жұмыстары жүріп жатыр» деді. Дана мектебінің бір орында тұрып қалмай ұдайы дамуды, қанатын кең жаюды басты мақсат еткенін аңғардық.

Жекеменшік мектеп басқаларға үлгі болса игі!
Бұрын жекеменшік мектеп десе тек ата-аналардан ақша «саууды» мақсат еткен мектеп елестейтін. Артынан мектепке таңертең қелген балалардың осында тамақтанып, осында сабақ оқып, арасында әдеби кітап оқып, түстен кейін үй тапсырмаларын орындап, арасында ұйықтап алып, қалаған үйірмесіне де осында қатысатынын естіп баласын мектебі мен үйірмесі арасында аман есен жетуін уайымдап отыратын, үйге әкеліп балаларымен үй тапсырмасын жабылып орындай алмайтын басқа ата-аналардың жағдайына қарап, мектеп ақысы тіпті арзан екен деген ойға қалдым.


Айта кетер жайт, жақында бір танысымның балаларын онлайн оқу жүйесі арқылы ресейлік мектепте оқытып жатқанын естідім. Еліміздегі білім беру жүйесіне көңілі толмаған ата-ана осындай қадамға барыпты. Шыны керек көңілімді күдік пен күмән жаулап алса да, «балаңды өзімізде оқыт» деп айта алмадым. Өйткені еліміздегі мемлекеттік мектептердегі көптеген мәселелер ата аналардың ойынан шыға бермейтіні рас.

Ең аяғы ата-аналардың балалардың арқасындағы ауыр сөмкесі неше жылдан бері жыр болып келе жатса да, мемлекеттік мектептер әр баланы шкафпен қамтамасыз ету мәселесін шеше алмай отырғаны рас. Баласының денсаулығына алаңдаған ата-ана еріксіз баласын басқа жаққа алып қашуға мәжбүр. Қазір шыны керек көп ата ана баласына бүгін салынатын инвестиция ретінде қарайды. Сол үшін баласынан барын аямайды. Бастысы сапа! Сондықтан білім саласындағы басшылар жыл сайын оқулық басып шығара беру мен жаңа пән қосуды мәселеге айналдырып, жоқ жерден «жаңалық» аша бермей, нақты партада отырған баланың білімі мен тәрбиесіне көңіл бөлетін кезі жеткен секілді.


«Дана» мектебінен көңілім марқайып шықты. Заманауи білім беріп, ел ертеңі деп сенім арта алатындай ұрпақ тәрбиелеу жолында Дана мектебі ұстаздарының еңбегі жана берсе екен деп тіледім іштей... Жаңашыл, заманауи, білікті, білімді ұстаздар мереке құтты болсын!

 Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста