Жаңалықтар

"Басқа қағида болады". Министр білім беру саласындағы өзгерістерді айтты

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Аймағамбетов парламент сенатының жалпы отырысында студенттер колледжді өздері таңдайтынын, соған сәйкес гранттар бөлінетінін хабарлады.

 

Депутат Алтынбек Нухұлы білім және ғылым министрінен бюджет қаражатын тиімсіз жұмсалмау үшін қандай шаралар жасалынып жатқанын сұрады.

 

&ndash Тәуекелдердің (қаражат тиімсіз жұмсалмау үшін &ndash ред) алдын алу үшін тиісті жұмыстарды жүргізудеміз. Бірінші, күні кеше мәжіліс депутаттары отырыста білім туралы заңнамаға өзгерістер енгізу туралы заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Осы заң жобасында тәуекелдерді алдын алу бойынша нақты бір норма бекітілді. Білім және ғылым министрлігі осы мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша қағиданы немесе методикасын бекіту бойынша жаңа құзіреттілік алды. Енді осы заң бекітілгеннен кейін "Атамекен" палатасымен, еңбек министрлігімен қоса, басқа да әріптестермен бірге осы әдістерді бекітетін боламыз, &ndash деді министр.

 

Аймағамбетов колледжге бөлінетін грантта өзгерістер болатынын айтты.

 

&ndash Екінші маңызды мәселе &ndash колледждердің арасында мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру. Қазіргі уақытта жыл сайын білім басқармалары конкурс өткізеді. Соның нәтижесінде әр колледжге неше грант алатынын бөліп береді. Бұл тетік толығымен өзгереді. Енді басқа қағида болады. Бұл қағида &ndash "Ақша студентпен бірге жүреді" қағидасы. Енді студенттер колледждерді өздері таңдайды. Гранттар сол колледждерге баратын болады. Бұл бәсекелестікті арттырады. Сапаға да әсерін тигізеді. Сол себепті осы да, басқа да бағыттар бойынша жұмыс жүргіземіз, &ndash деді ол.

 

 

qamshy.kz




Көрілген: 1048    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.11.2020, 15:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31