Жаңалықтар

БҒМ: Қазақстандағы жоғары оқу орындары 2021 жылдан бастап жеке үлгідегі диплом бере бастайды

  • БҒМ: Қазақстандағы жоғары оқу орындары 2021 жылдан бастап жеке үлгідегі диплом бере бастайды

    БҒМ: Қазақстандағы жоғары оқу орындары 2021 жылдан бастап жеке үлгідегі диплом бере бастайды

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2021 жылдан бастап жоғары оқу орындарының мемлекеттік үлгідегі емес, жеке үлгідегі (әскери және арнайы оқу орындарын қоспағанда) диплом беруі туралы норма күшіне енетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Білім және Ғылым министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, бұл жағдай жоғары оқу орындары арасындағы бәсекелестікті арттырып, ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасына қатысты жауапкершіліктің өсуін қамтамасыз етпек. Бұған қоса Аймағамбетов енді жұмыс берушілер дипломға емес, түлектің құзыреттеріне көбірек көңіл бөледі айтып кетті. Жұмысқа орналастыру кезінде жоғары оқу орнының беделі мен имиджі басты рөл атқаратын болады.

"Студенттер мен олардың ата-аналарын ЖОО таңдауда мұқият болуға шақырамыз. Сонымен қатар, келесі аспектілерге назар аударуды ұсыну қажет: - әлемнің үздік жоғары оқу орындары рейтингісінде ЖОО-ның позициясы - QS және "Атамекен" ҰКП рейтингісінде білім беру бағдарламалары; - ЖОО мәртебесі мен академиялық беделі; - ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасы", - деді Асхат Аймағамбетов.

Білім беру қызметтерін бағалауға әсер ететін әрі еңбек нарығы ұсынып отырған негізгі факторларға - ЖОО түлектерінің жұмысқа орналасу пайызы және олардың еңбек нарығында сұранысқа ие болуы, ЖОО-ның аккредиттеуден өтуі, білім беру бағдарламаларының өзектілігі және т.б.

Заңнамаға сәйкес студенттерге қысқы және жазғы каникул кезінде бір ЖОО-дан екіншісіне ауысу мүмкіндігі берілгендігін айта кеткен жөн.

Бүгінгі таңда ҚР Білім және ғылым министрлігі еліміздің жоғары оқу орындарында білім беру саласындағы заңнаманың сақталуына тексеру жұмыстарын жүргізуде. Заңнама талаптарының бұзылуы және сапасыз білім беру қызметтерін ұсыну фактілері анықталған жағдайда жоғары оқу орындарын лицензиядан айыру немесе тоқтата тұру бойынша шаралар қабылданады 




Көрілген: 303    Пікірлер: 0

жұма, 31.01.2020, 07:18

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Наурыз, 23:08
    Мектепте оқу қауіпті
    1 Наурыз, 20:14
    Алғыс айтып жүрейік...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30