Жаңалықтар

Биыл мектепте соңғы қоңырау өте ме?

  • https://egemen.kz/

    https://egemen.kz/

ҚР Білім және ғылым министрлігінің аппарат жиналысында оқу жылының аяқталуы және соңғы қоңырау іс-шараларын ұйымдастыру туралы вице-министр Шолпан Каринова айтып берді.

 

Әдеттегідей соңғы қоңырау мерекесі 25 мамырда өткізіледі. Биылғы жылғы шектеу шаралары ескеріліп, бірнеше формат ұсынылып отыр. Біріншіден, оқушылар мен мектептердің үйренгеніндей, ашық, таза ауада 9 және 11 сынып оқушылары үшін және 300-ге дейінгі оқушылары бар штаттық режимде оқытып келе жатқан мектептер өткізе алады, - деп түсіндірді Каринова жиналыста.

 

Сонымен қатар соңғы қоңырауды өткізудің тағы екі түрі ұсынылады. Бұл – сынып ішінде сынып сағаты форматында және онлайн түрде сынып сағаты форматында өткізу. Яғни биыл оындай үш түрі ұсынылып отыр.

 

Қажет болса, сыныптың ішінде де өткізілетін нұсқа ұсынылады. Сонымен бірге қашықтан оқытылып жатқан оқушылар үшін соңғы қоңырау онлайн форматта өтеді, - деді вице-министр.

 

Оның сөзінше, соңғы қоңырауды өткізудің негізгі мақсаты – барлық мектеп оқушылары үшін ол белгілі бір сыныпты аяқтап, келесі сыныпқа өту және жазғы демалыс уақытының басталуы, жазғы іс-шаралар туралы жұмыстар.

 

 

 

baq.kz




Көрілген: 424    Пікірлер: 0

сейсенбі, 11.05.2021, 12:38

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30