Жаңалықтар

Білім гранттарын тағайындау жүйесінде өзгеріс болады - БҒМ

  • © Sunna.kz

    © Sunna.kz

Биыл магистратуға бөлінетін білім гранттарына қатысты бірқатар өзгерістер болады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


ҚР Білім және ғылым вице-министрі Талғат Ешенқұловтың айтуынша, бүгінде білім гранттарын тікелей жоғары оқу орындарына таратуға басымдық берілмейді.


ҰБТ-да жоғары ұпай алған мектеп түлегі қай оқу орнын таңдаса, сол жерге грант беріледі. Осылайша, жан басына қарай қаржыландыру жүйесі біртіндеп енгізіліп келеді.


«Өткен жылы аталған бастама магистратуда 21 мамандық бойынша сынақтан өткізілген болатын. Биыл заң нормалары бойынша магистратура бөлімі грант тағайындаудың жаңа моделіне толығымен көшеді. Осының арқасында магистратураға түскен адам грантты алады да, жоғары оқу орнын өзі таңдайды. Соған қарай мемлекеттік тапсырыс та жасалады, жоғары оқы орындары грантқа түскен магистранттардың таңдауына қарай қаржыландырылады», - деді Т.Ешенқұлов ҚР Парламент Мәжілісінде өткен дөңгелек үстелде.


Вице-министрдің сөзіне қарағанда, гранттарды тағайындаудың жаңа жүйесі тек докторантураға ғана қатысы жоқ. Ол жерде бұрынғыдай мемлекеттік тапсырыс тікелей жоғары оқу орындарына беріледі.


«Жалпы, соңғы үш жылдың ішінде мемлекеттік тапсырыс 1,7 есеге өсті», - деп атап көрсетті Т.Ешенқұлов.


 




Көрілген: 678    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.03.2019, 16:45

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 18:06
    Тіл – татулық тірегі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31