Жаңалықтар

Бір балаға 100 мың теңге: Қазақстандық ата-аналар балаларын ақылы қосымша сабаққа беруге мәжбүр

  • Бір балаға 100 мың теңге: Қазақстандық ата-аналар балаларын ақылы қосымша сабаққа беруге мәжбүр

    Бір балаға 100 мың теңге: Қазақстандық ата-аналар балаларын ақылы қосымша сабаққа беруге мәжбүр

Қазақстандық ата-аналар жаппай репетиторлар іздеуде. Жақсы деген мұғалімдерге кезек кейде бірнеше айға жоспарланады. Неліктен ата-ана баласын қосымша сабаққа береді? Қандай мамандар жетіспейді? Бұл сұрақтарға жауап 31 арнаның “Информбюро” бағдарламасында айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Анастасия Машнинаның ұлын жетінші сыныпта бүкіл отбасы оқытқан. Мектептегі қашықтықтан оқыту да, теледидар берілетін сабақ та балаға оқу материалын игеруге көмектеспепті. Бірақ қосымша сабақтарға деген қажеттілік одан ерте, яғни жаңартылған бағдарламаға көшкеннен кейін пайда болды дейді әйел.

 
“Егер балама барлық пәндер бойынша мұғалім жалдайтын болсам, “құрдымға” кетер едім. Менің екі жоғары білімім бар. Анам политехті бітірген. Немересіне нақты ғылым үйрете алады. Бірақ мәселе – ана мен әке мұғалім емес”, – дейді ол. 

Педагогтардың айтуынша, соңғы екі жылда физика, химия, математика, сондай-ақ биология сияқты нақты ғылымдарды үйрететін репетиторларға сұраныс күрт артқан. Сондай-ақ, тілдерді оқытатын мұғалімдер де сұранысқа ие. Әсіресе қазақ тілін оқытатын мұғалімдер өте аз. Жақсы мамандарға жазылу кезекпен, жоспарлы түрде болады. Бүгінгі күні репетитордың сабағы сағатына 1 мың теңгеден 12 мың теңгеге дейін болып отыр. Бір пән бойынша бір айлық төлем – орта есеппен 30 мың теңге. Онлайн курстар сәл арзан. Ең қымбат және сұранысқа ие оқытушылар – физика, биохимия және қазақ тілі мамандары. Яғни айына бірнеше мұғалімді жалдайтын болсақ, ата-аналар бір балаға шамамен 100 мың теңге төлеуге мәжбүр болады.

Юлия Ротман 11 жылдан бері арнайы курстарда сабақ беріп келеді. Оның айтуынша, ай сайын білім беру орталығына 500-ге жуық оқушы білім алады.

“Соңғы оқу жылында 7-8 сыныптарды оқытуға сұраныс өте жоғары болды. Яғни математика, химия және физика пәндері бойынша. Өйткені жетінші сыныпта олар енді ғана бұл пәндерді өтіп жатыр. Көптеген ата-аналар бұл қашықтықтан білім алуға байланысты деп отыр”, – дейді білім беру орталығының директоры Юлия Ротман.

Stan.kz




Көрілген: 501    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.07.2021, 11:51

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Қыркүйек, 17:27
    Жолдауға қолдау

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30