Жаңалықтар

Бір топ әйел атышулы "завучтің" қызметке келуіне қарсы болып шу шығарды (видео)

  • https://www.oinet.kz/

    https://www.oinet.kz/

Шулы оқиғадан соң лауазымынан босатылған Ұлжан Елмұратова күні кеше директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды. Бірақ бұған аудан тұрғындары наразылықтарын білдіруде деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

 

Бұл туралы Сардар Әбдіжақия Facebook парақшасында видео жариялады.

 

Видеодан мектепке баса-көктеп кірген бір топ әйел айқай-шу шығарып кетеді.

 

Видеодан көргеніміздей, олар Ұлжан Елмұратованың мектепке қызметке келгеніне наразы. 

 

Еске сала кетейік, Еске салсақ, биыл маусым айының ортасында әлеуметтік желілерде «боқтампаз» педагогтың видеосы тарап кеткен. Онда келіншек өзге көлік жүргізушісіне боқауыз сөздерді қарша боратып тұрғанын көруге болды.

 

Кейінірек бейнежазбадағы әйелдің Ордабасы ауданы, Бадам ауылындағы А.Шерімқұлов орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары екені белгілі болды. Көп ұзамай «завуч» қызметінен кетті.

 

Қазір аталған мектепте директор міндетін атқарушы болып қызмет атқаратын Ержан Мырзабеков Ұлжан Елмұратованы жұмысқа қабылдаған.

 

Ал Ордабасы аудандық білім бөлімі оның Елмұратованы жұмысқа қабылдау туралы бұйрығын заңсыз деп танып, оны бұзуға шақырып жатыр.

 

 

 

 




Көрілген: 4137    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.09.2021, 20:06

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 00:34
    Ұстаз мерейі
    24 Қыркүйек, 17:13
    Табиғаттың өзі емші!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31