Бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделуі

Бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделуі

Қазіргі заманда 6 жасар балаларды мектепке оқытуға дайындау өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Алты жасар баланың алғаш рет мектепке келуі - балаға да және оның ата - анасына да өте жауапкершілікті кезең болып саналады. Оқу әрекетіне еш ауыртпалықсыз әрі табысты кірісіп кету үшін баланың дені сау және жан-жақты даярланған болуы қажет.

 Мектепте оқу - бала өміріндегі әр түрлі жүктемесі бар ең маңызды кезеңге жатады: бала өміріндегі әлеуметтік - психологиялық өзгерістер - жаңа қарым - қатынастар, жаңа міндеттер, «оқушының» жаңа әлеуметтік рөлі. Оқушы болу баланы саналы түрде өзінің орнын, мұғалімнің позициясын, қарым - қатынастағы белгіленген ара қашықтықты, осы қарым - қатынастар құрылатын ережелерді талап етеді. Мұнда баланың мектепке бейімделуінің бірінші кезеңінде баланы бірге алып жүретін адамдар - мұғалімдер мен ата - аналар қандай іс - әрекеттерді таңдайтындығы; қандай да бір қиын жағдайда тиімді әрі дер кезінде психологиялық қолдау көрсету мүмкіндіктерінің қалай болатындығы өте маңызды рөл атқарады. Әсіресе алғашкы күндер (кейбір балалар үшін алғашқы айлар) қиын болады. Бұл уақытта жаңа жағдайға бейімделудің қиын үдерісі жүріп жатады. Бейімделу кезеңінде баланың ұйқысы бұзылады, тәбеті тартпайды, ашушаңдық, мазасыздық, тұйық мінезділік, жылау, балаға тән емес көп сөйлегіштік немесе сөзге сарандық және т.б. өзгерістер болады. Бұлардың барлығы жүйкесінің шаршауының сыртқы көрінісі болып табылады, бірақ бұл өзгерістер уақыт өте келе қалпына келеді, балалар мектеп өміріне үйренеді, аз шаршайды; көңіл - күйлері көтеріңкі жүреді, ата-аналарымен, құрдастарымен еркін араласады, тапсырмаларды орындауға тырысады. Көптеген балалардың мектепке бейімделу үдерісі осылайша орын алады. Ал кейбір балаларда жаңа жағдайға бейімделу аса ауыр міндет болып табылады: олар жиі әрі ұзақ ауырады, ауырғаннан кейін ағзалары әлсіреп, қарсы тұру қабілеті төмендейді. Неліктен көптеген балалар оқудың алғашқы кезеңін бұлай қабылдайды? Мәселе өте күрделі. Балалардың мектепке бейімделу ерекшеліктерінің басты себептердің бірі - баланың денсаулық жағдайы, биологиялық жетілу деңгейі, сондай-ақ оқыту үдерісіне қажетті сол біліктер мен әрекеттердің дамуы болып табылады. Мектепке алғаш келу кезеңі, баланың жаңа жағдайға әлеуметтік - психологиялық бейімделу кезеңі. Бала жаңа өмір жағдайына бірдей емес үлгеріммен «көндігеді». Г.М.Гуткинаның зерттеуінде балалардың мектепке бейімделуінің үш кезеңі көрсетілген. Бейімделудің жоғары деңгейі. Бірінші сынып оқушысы мектепке дұрыс көзқараспен қарайды, ұсынылған талаптарды бірдей қабылдайды; оқу материалын жеңіл меңгереді; бағдарламалық материалды толық және терең игереді, қиындатылған міндеттерді шешеді; мұғалімнің түсіндірмесін, нұсқасын назар қойып тыңдайды; тапсырмаларды ішкі бақылаусыз орындайды; өзіндік жұмысқа үлкен қызығушылық танытады, барлық сабаққа дайындалады; қоғамдық тапсырмаларды жауапкер-шілікпен орындайды; сыныпта жақсы беделге ие. Бейімделудің орташа деңгейі. Бірінші сынып оқушылары мектепке жағымды көзқараспен қарайды, оның мектепке келуі жағымсыз уайымды туғызбайды; оқу материалын мұғалім нақты және көрнекі түрде түсіндірсе ғана түсінеді; оқу бағдарламасының негізгі мазмұнын игереді, типтік есептерді өз бетімен шешеді; үлкендердің нұсқауларын, тапсырмаларын орындауда ұқыпты, бірақ оның бақылауымен сабаққа дайындалады және үй тапсырмасын үнемі орындайды; қоғамдық жұмыстарды адал орындайды; сыныптастарының көбімен дос. Бейімделудің төменгі деңгейі. Бірінші сынып оқушылары мектепке кері және енжар көзқараспен қарайды; денсаулық жағдайына жиі шағымданады; тәртіп бұзушылығы байқалады; мұғалімнің түсіндірген материалын үзіп - үзіп меңгереді; оқулықпен өзіндік жұмыста қиналады; өзіндік оқу жұмысын орындауда қызығушылық танытпайды; сабаққа үнемі дайындалмайды, мұғалім және ата - аналар тарапынан оған бақылау, ескертулер қажет; демалуға берілген үзілісте зейіні мен жұмысқа қабілеттілігін сақтайды; үлгі бойынша жаңа есепті шешу үшін зейіні мен жұмысқа қабілеттілігін сақтайды; үлгі бойынша жаңа есепті шешу үшін мұғалім мен ата - аналардың маңызды көмегін талап етеді; қоғамдық тапсырмаларды ешқандай ықылассыз, тек бақылаумен ғана орындайды, енжар; жақын досы жоқ, сыныптастарының кейбіреулерінің ғана аты мен тегін біледі. Көптеген оқушылар тапсырманы ойын арқылы жақсы түсінеді. - Оқу дағдысы таным және әлеуметтік танымнан құралады, сондай-ақ Н.И. Гуткиннің есебі бойынша оқу дағдысы қажетті өз бетінше деңгейде қамтамасыз етеді. - араласу дағдысын дамыту. Жайлы бейімделудің белгілері: Біріншіден оқу барысында балаға қолайлы болуы керек. Өзіне сенімсіздік және қорқыныш сезімдері болмайды, мектеп барлық жағымен оған ұнайды. Екіншіден бала жеңіл түрде берілген тапсырманы лезде орындауы тиіс. Егер мектеп қарапайым және дәстүрлі бағдарламада жүргенде, бала сабақ барысында қиындықтарға тап болған жағдайда, сынап мінемей, басқа балалармен салыстырмай қолдау көрсете білу керек. Балалар әртүрлі болады. Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап балаға күш беріп, қолдау көрсете білсе, бала қалыптаса бейімделіп кетеді. Үшінші табысты бейімделудің белгісі – баланың өз бетінше жұмыс жасауы, тапсырманы аяқтап болған соң ғана ересектер көмегіне жүгінуі аса маңызды. Ата-аналардың баланың орнына үй тапсырмасын жасайтын кездері болады, бұл қарама-қарсы әрекет, бұдан бала өзіне деген сенімсіздікті жоғалтады. Басынан баланың өзіне қарсы сұрақ қойып, ата-аналар көмектесуді азайтуы керек.Ең бастысы- бала өзінің қоршаған ортасына, яғни сыныптас достарына және ұзтазына бейімделуі.

Шабалова Алия Ибраимовна

Шығыс Қазақстан облысы

Өскемен қаласы әкімдігінің « №42 орта мектебі» КММ-ның

шағын орталығындағы «Балапан» тобының

І санатты тәрбиешісі

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста