Жаңалықтар

"Бұл өте маңызды": министр Аймағамбетов өтініш жасады

  • © Sputnik / Владислав Воднев

    © Sputnik / Владислав Воднев

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жоғары оқу орындарынан пандемия кезінде оқу ақысын көтермеуді, сондай-ақ, қарызы бар студенттерге бөліп төлеу мүмкіндігін беруді сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

"Пандемия салдарынан студенттердің оқуға уақытылы келу мүмкіндігі азайып отыр. Экономикалық ахуал бізге белгілі. Жоғары оқу орындары тарапынан да қолдау жұмыстарын жүргізу қажет деп санаймын. Біріншіден, қарызы бар студенттерге бөліп төлеу мүмкіндіктерін беру. Талдау нәтижесі мұндай мәселенің бар екенін көрсетті. Сол себепті бөліп төлеуге мүмкіндік қарастыруды сұраймын", - деді Аймағамбетов аппараттың онлайн жиналысында.

 

Сонымен қатар, білім министрі бірқатар жоғары оқу орны оқу бағасын көтергелі жатқанын, алайда елдегі ахуалды ескеріп, бағаны көтермеу туралы өтініш жасады.

 

"Біз алған ақпаратқа сәйкес, біраз жоғары оқу орны оқудың бағасын көтеруді жоспарлап отыр екен. Сондықтан бұл мәселе бойынша да өтініш бар: ахуалды біле тұрып, жоғары оқу орындарында бағаны өсірмеу. Бұл өте маңызды", - деді министр.

 

Сондай-ақ, министр жоғары оқу орындарын қолдау бойынша кешенді бағдарлама қабылданып жатқанын мәлімдеді. Ол жерде тек қаржы мәселесі емес, реформаларға байланысты да шешім қабылданды. Жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселесі көтерілді.


 




Көрілген: 642    Пікірлер: 0

сейсенбі, 28.07.2020, 13:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 00:14
    БАЛАНЫҢ КӨЗІНШЕ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30