Жаңалықтар

Біз жастарға сенеміз

  • Біз жастарға сенеміз

    Біз жастарға сенеміз

Егемен елдің елдігін,

Көгерген жердің кеңдігін.

Қабыл ал болашақ ұрпағым

Келісіміңді бер бүгін.

Ұлыңа Алла жар болсын,

Қызыңның жолы тар болсын.

Бабадан қалған тәрбие

Болашақта да бар болсын!

Келешек сенім пердесін,

Батырым, ақыным бергесін.

Қазақтың ұлы намысын

Жастарға берді сенгесін.

Мағжандар айтқан кешегі:

"Жастарға сенем" деседі.

Сенімін ақтап солардың

Бағымыз болсын бес елі.

Елімді бар ғалам танысын,

Жықпайық ұлы ұлттың намысын.

Жалынды жастар тер төксін

Болашақ халықтың бағы үшін.

Елбасы айтқандай бұрында,

"Болашақ жастардың қолында"

Жастардың барлығы шын дайын

Қиюға жанын, ел жолында!

Табыстап кілтін елдіктің,

Жастарға бүгін сендік тым.

Тәуелсіз елдің өмірі

Мәңгілік екенін сен де ұқтың!

Келешек кеме жетегін,

Кең еңбекпенен етемін.

Бабалар жетпеген жеңіске

Көрерсің, мен әлі жетемін!

Сенеміз, біз бүгін жастарға,

Атымыз аталсын аспанда.

Біз алдық бабамның үмітін

Кешегі көміліп тасталған.

Білемін елімнің өшпесін,

Көк туым көгімде көктесін.

Батырлар аңсаған еркіндік

Сақталар біздерге жеткесін.

Көгімде тұрсыншы таң күліп,

Естілсін әнұран жаңғырып.

Еңселі болсын еліміз

Қазағым жасасын мәңгілік!

Жас ақынның еркін тақырыптағы өлеңі:


"Тәңірге..."


Өткелдері өткен сайын қиындаған,

Жанымда жалын барда құйындаған.

Бұйымтайсыз кетсем де бұл өмірден

Сыйыңды бер тәңірім бұйырмаған.


Мейлі, жүрміз сынаққа төзіп ұяң,

Ішім толған мұң, бірақ, жүзім баян.

Жарияға жар салып айтпасам да

Тілегенім, Тәңірім өзіңе аян!


Сезбеген ем, жанымның тұншығарын,

Қайталанып жатқандай бұл шығар үн.

Дәлелдедің тағы да, сабыр қылса

Қара бұлттың артынан күн шығарын.


Тәтті тілек болса да қандай да бір,

Сен естисің жақсысын таңдайдағы.

Періштедей ғұмырды қаласақ та

Көре алмаймыз жазуды маңдайдағы.


Жетсінші деп пендеңнің ақ тілегі,

Сен бұйыртқан сәтті жол тапты мені.

Тоғыспалы, тайғақтау тағдырыма

Төселсе екен Тәңірдің ақ кілемі!


Өлеңдерді шығарған:


Дина ЛИТПИН

Нұр-Сұлтан қаласы.

№76 мектеп лицей

11-сынып оқушысы


 




Көрілген: 633    Пікірлер: 0

сенбі, 30.11.2019, 02:44

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Қараша, 02:44
    Біз жастарға сенеміз
    17 Қыркүйек, 18:06
    Тіл – татулық тірегі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31