Жаңалықтар

Дәптер тапшылығы неден туындады?

  • https://astanatv.kz/

    https://astanatv.kz/

Қала тұрғыны Ғалия балаларына  қажетті оқу құралдарын алу үшін базарға келген.  Іздегенінің бәрі бар, бірақ дәптер  ала алмай  жүрмін дейді.

 

Ғалия ҚУАНЫШҚЫЗЫ, АТА-АНА:

 

– Дәптерді алайын 20 штук десем, маған айтады 5000 теңгенің көлемінде товар алсаңыз, дәптер 5 теңге болады дейді. Ал егер ештеңе алмасаңыз дәптерді 25 теңгеге аласыз дейді. Енді ол мүмкін емес жағдай ғой.  

 

Ата-аналардың айтуынша, оқу құралдарының құны өте қымбат. Бір баланы мектепке дайындау үшін  шамамен 60-70 мың теңге керек дейді.

 

БЛИЦ:

 

- Қиындау, сумкалардың өзі 7-8 мың.

- 4 балалы, 5 балалыларға қиын енді.  

- Қазір 3 бала бар оқытатын. Үшеуіне 210 мың кетеді сонда.

 

Мектеп құралдары бағасы расымен де биыл жоғары дейді сатушылар да.  Бірақ оған қарамастан сауданың жақсы жүріп жатқанын айтады.  

 

Майра БОЛАТҚЫЗЫ, САТУШЫ:

 

– Жылдан-жалға бағасы өсіп келеді. Алып жатыр. Толық заттарын алып жатыр, бірінші сынып та, үлкен сынып та.

 

Оқушы құрал-жабдығының дені Ресейден тасымалданады. Қытай мен Түркия, Үндістаннан  да импортталатын тауарлар бар. Дәптердің жеке сатылмауының  себебі осымен байланысты дейді мамандар. Биыл тауар аз. 

 

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, дәптер   былтырға қарағанда   бұл жолы 10 пайыз аз әкелінген.  Басқа мектеп құралдары да солай. Себебі  пандемияға байланысты  сұраныс  болмаған.  

 

 

 

astanatv.kz




Көрілген: 458    Пікірлер: 0

сенбі, 21.08.2021, 08:48

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 00:34
    Ұстаз мерейі
    24 Қыркүйек, 17:13
    Табиғаттың өзі емші!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31