Жаңалықтар

Депутат мектеп оқулығына пасха мен масленницаны кіргізгендерді сынады

  • Депутат мектеп оқулығына пасха мен масленницаны кіргізгендерді сынады

    Депутат мектеп оқулығына пасха мен масленницаны кіргізгендерді сынады

  Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Мақпал Мыса мектептердегі ағылшын тілі пәнінің мазмұнына қатысты сын айтты.
Оның айтуынша, мектептердегі 1 сынып пен 5 сыныпқа дейінгі ағылшын тілін оқытуға арналған оқулықтарға ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан оң сараптама берілген. Бұл оқулықтар  Jenny Dooley, Virginia Evans-тың авторлығымен «Экспресс Паблишин» баспасынан басылып шыққан. Сыртқы мұқабасында аударылған деп жазылғанмен, аударма емес екен. 2016 жылдан бері осы баспаның Қазақстандағы ресми өкілі «EDU Stream»  халықаралық білім беру компаниясының басшысы Наталья Мұхамеджанованың жетекшілігімен шығып отырған. Өзгешелігі - Қазақстан балаларының суреттерін пайдаланған.

Кітаптың өне-бойынан қазақтың ұлттық ұғымына, дәстүрлі тәрбиесіне келмейтін, шет елдің идеологиясын насихаттайтын иллюстрациялар мен мәтіндерді көптеп кездестіруге болады. Екінші сыныпқа арналған оқулықта ұлттық дәстүрдің қатарына пасха мен масленницаны енгізіпті. Мұны әрине, қазақстандық мерекелер деп көрсетсе түсінуге болады. Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары деп жазылған тақырыпта шілдехана мен баланы қырқынан шығару сияқты салт-дәстүрдің жанында діни мерекелер неге жүр?,- деп күйінді депутат.
Сонымен қатар ть 5 сыныпқа арналған кітапта елде жоқ аңызды ойдан құрап, екі алып баланың оқиғасын баяндайды деп отыр. Ағасы мен інісі жайлы әңгімеде ағасы тастан көпір соғам деп еңбектенеді. Ал інісі екі жіпті ағашқа байлап алып ән айтып жүреді-міс. 

Ағасы неге маған көмектеспейсің деп  ашуланып, інісінің қолындағы әлгі ағашты тасқа ұрып шағып тастайды дейді. 

Осыдан бастап інісі әнді қойып кеткен екен. Уақыт өте келе таста қалған ізді байқаған бір халық бұл музыкалық аспап екенін анықтайды. Домбыра содан шыққан деп түсіндіреді. Бұл аңызды естігендеріңіз бар ма? Жасалу уақыты 2 мың жылдан ары Кетбұға шерткен «Ақсақ құланнан» бастап, Құрманғазы, Дәулеткерей салған күй дәстүрі бүгінде ғаламшарды аралап жүр. Халқымыз қашанда домбыраны үкілеп төріне ілген. Бұдан арғысын сөз қылудың қажеті шамалы,- дейді Мақпал Мыса.
Осы ретте депутат мектеп бағдарламасында мұндай өрескел қателіктер жіберген оқулықтарға қатысты ұсынысын айтты.

Біріншіден, Білім және ғылым министрлігі білім бағдарламасына енгізген аталмыш ағылшын тілі оқулықтарын қайта сараптап, жіберілген өрескел қателіктерге жауапкершілікті күшейтуді сұраймыз.  

Екіншіден,  оқулық әзірлеу оған сараптама жүргізу қағидаттарын жіті қарап, нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын білім және тәрбие компоненттерінің тұтастығы аясында күшейту қажет.

Үшіншіден, оқулық құрастыруда басшылыққа алатын Үлгілік оқу бағдарламасына сараптама жасалып, бағдарлама әзірлеуші топтың құрамын қайта қарау керек. Сараптамалық комиисия құрамына тек ағылшын тілі мұғалімдері емес, балалар психологынан бастап, суретші педагог, этнограф, иллюстратор, қазақ тілі мамандары, әдебиетшілер тағы да басқа мамандарды енгізу қажет.

Төртіншіден, оқулықты басып шығаруда шетелдік емес, өз отандық баспаларымызды қарастыру қажет.

 Ұлттың жаңа болмысын қалыптастыру кезеңінде мұндай оқулықтар Қазақстанның болашағына жауап беретін, өз Отанын қадірлейтін ұрпақты тәрбиелеу үшін өте маңызды.

BAQ.KZ




Көрілген: 293    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.06.2021, 12:41

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31