Жаңалықтар

Депутат оқушыларға смартфон мен планшетті пайдалануға тыйым салуды ұсынды

  • © Sputnik / Ляля Лилова

    © Sputnik / Ляля Лилова

Мәжіліс депутаты Майра Айсина оқушыларға сабақ кезінде смартфон мен планшетті пайдалануға тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

Депутаттың айтуынша, смартфондар мен планшеттерге тәуелділік, онлайн ойындарға әуестік балалардың ойлау қабілетіне зиян келтіріп, бас сүйегі-ми жарақатынан кейінгі жағдайға ұқсас өзгеріске әкеп соғады.

 

Айсина әлем елдерінің тәжірибесін тілге тиек етті. Мәселен, Германия, Франция және басқа да көптеген елде, соның ішінде посткеңестік кеңістіктегі елдердің оқу мекемелерінде гаджет пайдалануға тыйым салынған.

 

"Бұл мәселе біздің мүдделі министрліктер мен ведомстволардан қазіргі жағдайға жан-жақты талдау жүргізуді, "Балалардың денсаулығына және дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы" заңның тиімді жүзеге асырылуын талап етеді", - деп санайды ол.

 

Мәжілісмен үкімет интернетте балалардың қауіпсіздігін барынша қамтамасыз ету үшін және ақпаратты сүзгіден өткізу үшін қосымша жүйелі шаралар қабылдауы қажет екенін айтты.

 

"Жұмыс және демалыс күндері 16 жасқа дейінгі балалар үшін онлайн ойын ойнау уақытын шектеу мүмкіндігін зерделеу керек. Жұмыс күндері интернет-кафелерде балаларға видео ойындар ойнауға, мектептерде сабақ кезінде смартфон мен планшеттерді пайдалануға тыйым салу керек", - деді депутат.

 




Көрілген: 204    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 05.02.2020, 17:26

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Наурыз, 23:08
    Мектепте оқу қауіпті
    1 Наурыз, 20:14
    Алғыс айтып жүрейік...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30