Жаңалықтар

Дұрыс тамақтану және семіздік туралы дәріс өтті

  • Дұрыс тамақтану және семіздік туралы дәріс өтті

    Дұрыс тамақтану және семіздік туралы дәріс өтті

Жақында «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығымен бірлесе отырып, «Инфекциялық емес ауруларды (ИЕА) басқару тәжірибесі, сабақтары, болашағы. Ауыртпалықты төмендету. Қоғамдық денсаулық сақтау қызметтерінің ИЕА алдын алудағы рөлі» атты дәріс өткізді.


Дәрісті Тамақтану, дене белсенділігі және семіздік мәселелері жөніндегі бағдарлама жетекшісі, ДДСҰ ИЕА-мен күрес жүргізу жөніндегі кеңсесінің басшысы қоғамдық денсаулық сақтау саласында магистрі) Dr. João Breda өткізді. Айта кету керек, Porto University тамақтану туралы ғылымдар саласындағы ғылым докторы, Dr. João Breda университетте Жастар мен ішімдік өнімдері жайлы арнайы диссертация қорғаған маман. Сондай-ақ ол 2010 жылы ДДҰ-ға келгенге дейін Португалияның Бас денсаулық сақтау басқармасында қоғамдық денсаулық сақтау бойынша маман ретінде және Денсаулық сақтау министрлігінің басқа да мекемелерінде жергілікті және ұлттық деңгейде тамақтану, дене белсенділігі, семіздік және алкогольді асыра пайдалану мәселелері бойынша жұмыс істеді. Академик ретінде тамақтану туралы ғылымдар кафедрасын басқарды, Algarve University, Coimbra Ауыл шаруашылығы колледжі және Coimbra қонақжайлылық мектебімен белсенді жұмыс істеді. Португалияда жас нәрестелердің тамақтануы туралы бестселлер кітабы, тағы осы салада ондаған кітабы жарық көрген. 


 

Міне осындай халықаралық сарапшының айтуынша, Қазақстан тамақтану саласында бірқатар маңызды проблемаларға қарсы күресте айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген. Сонымен қатар ол халықтың әлі де тұзды, “нашар” майларды көп тұтынатынын және Қазақстанда жүргізілген, азық-түлік жағдайын популяциялық зерттеулерге негізделген ситуациялық талдаудың нәтижелеріне сәйкес, тұз бен трансмайлардың құрамы туралы мәселеге ерекше назар аудара отырып, бұл факт семіздіктің және тамақтанумен байланысты болатын инфекциялық емес аурулардың таралуына алып келгенін атап өтті.

«Алынған нәтижелер Қазақстанда дұрыс тамақтануды насихаттаудың маңыздылығын дәлелдейді, стратегиялық бастапқы нүкте ретінде тұз бен трансмай қышқылдарын тұтынуды төмендетуді қарастыруды ұсынамыз, өйткені ол ең көп нәтиже береді», – деді ДДСҰ-ның ИЕА алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Еуропалық офисінің басшысы.

«Тұрақты даму мақсаттары” мен “Тамақтану проблемалары бойынша БҰҰ іс-қимылдарының 10 жылдық” бағдарламасы (2016-2025 жылдар) ведомствоаралық, жүйелі және кешенді тәсілдерді жүзеге асыру арқылы дұрыс тамақтанбау мәселелерін шешу үшін жаһандық және ұлттық ауқымда Медицина саласында білім алып жатқан студенттер, магистранттар, докторанттар және жалпы осы салаға қызығушылық танытқан барлық тұлғалар қатысты.

Айсұлу Асанқызы



 




Көрілген: 483    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.02.2019, 14:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Сәуір, 10:35
    Жыл басы – Наурыз
    13 Ақпан, 15:34
    Жырлайды жүрек
    17 Қаңтар, 19:01
    Шығыстың қос шыңы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31