Екінші семестрде студенттер оқу орнына барып оқи ма?
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова айтты.
Оның айтуынша, пәндердің 70%-ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтан оқытылады.
«Штаттық режимде 15 студенттен аспайтын шағын топтар оқытылады. Бұл ретте аудиториядағы студенттер 50%-дан аспауы керек. Штаттық режимде практикалық және зертханалық сабақтар (физика, химия, математика және т.б.) оқытылады. Ал тарих, қазақ, орыс және ағылшын тілдері, өзін-өзі тану, мәдениеттану, әлеуметтану пәндерінен сабақ қашықтан өткізіледі», &ndash деді ол.
Аралас форматта оқыту кезінде:
&ndash аудиториядағы дәрістердің кестесі олардың басталу және аяқталу уақыты көрсетіліп жеке жасалады;
&ndash аудиториядағы дәрістер кемінде 1,5 метр қашықтықты және бетперде режимін сақтай отырып жүргізіледі;
&ndash сабақтар арасындағы үзіліс әрбір топ үшін жеке ұйымдастырылады;
&ndash кітап үлестіру жөніндегі жұмысты қоспағанда, кітапханалардағы оқу залдары жабылады;
&ndash студент, педагог, ата-аналарға санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтау туралы нұсқаулық беріледі;