Жаңалықтар

Экс-ректор Білім министрі Аймағамбетовті "шетелдік агент" деп айыптады

  • https://www.oinet.kz/

    https://www.oinet.kz/

Соңғы қызметі - Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық универсиетінің ректоры болған, оған дейін Білім және Ғылым министрлігінде администраторлық жұмыстар мен мемлекеттік сатып алу департаментінің директоры болып жұмыс істеген Анар Қайырбекова Білім және Ғылым министрі Асхат Аймағамбетовты "шетелдік агент" деп айыптады деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

 

Анар Қайырбекова бұл туралы Stanradar.com сайтында мәлімдеді.

 

Экс-ректордың айтуынша, Білім министрі "Сорос" қоры қаржыландыратын оқу орнында білім алған.

 

- Асхат Аймағамбетов іс жүзінде ықпал агенттерін даярлайтын ұйым болған Мәскеудің саяси зерттеулер мектебінде оқыды.  Бірақ ол Сорос қаржыландыратын ұйымда оқығанын, оппозиция мүшелерімен және шет мемлекеттердің барлау қауымдастықтарының өкілдерімен байланысы барын жасырын ұстайды. 2014 жылы Мәскеудің саяси зерттеулер мектебі - мемлекеттік төңкерістерді ұйымдастыру мақсатында батыстың жеке қорларынан қаржыландырылған шетелдік агенттер тізіліміне енгізілді. Аталған мектептің түлектері Грузия, Украина, Беларуссия және Қырғызстандағы «түрлі-түсті» революциялар мен мемлекеттік төңкерістер дайындығына қатысты. 2021 жылы қаңтарда Ресей билігі Ресей Федерациясы Бас Прокуратурасының ұсынысы бойынша Мәскеу мектебін (Еуропа Кеңесі жанындағы Саяси зерттеулер мектептері қауымдастығының құрамына кіреді) жағымсыз ұйымдардың тізіміне қосты. Ресейдің конституциялық құрылымы мен қауіпсіздігіне қатер төндіргені үшін. Өткен аптада мен Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасына (Нұрсұлтан Назарбаевқа - автор) жазбаша өтініш жібердім. Өтініште ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Білім министрі Асхат Аймағамбетовке қатысты тергеу жүргізіп, оған қатысты барлық күдіктерді тексеруді тапсыруды сұрадым, - деді экс-ректор. 

 

Естеріңізде болса, Қайырбекова бұған дейін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті 2009 жылы қорғап шыққан докторлық диссертациясына он жылдан кейін өзгертулер енгізді деп айыптаған болатын.

 

 




Көрілген: 1392    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 19.04.2021, 22:33

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Наурыз, 16:06
    Тарихи күн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31