Жаңалықтар

Енді мұғалім болып жұмысқа тұру үшін диплом жеткіліксіз – Аймағамбетов

  • Сурет ашық дереккөзден

    Сурет ашық дереккөзден

2021 жылдан бастап педагогикалық мамандық бойынша жұмысқа алғаш рет тұратындар кәсіби шеберлігі бойынша сертификаттаудан өтеді. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

"Енді 2021 жылдан бастап педагогикалық мамандық бойынша жұмысқа алғаш рет тұру үшін үміткерлер кәсіби шеберлігі бойынша сертификаттаудан өтеді. Яғни дипломға қоса тиісті квалификация алу міндеті енгізіледі", - деді Аймағамбетов үкімет отырысында.

 

Сондай-ақ, ол педагогтер жұмысқа конкурс арқылы қабылданатынын атап өтті. Ол толығымен электрондық форматта жүреді.

 

Бұдан бөлек, айтуынша, кадрлар дайындау деңгейін арттыру мақсатында жоғары оқу орындарына қабылдау талаптары күшейтілді. Педагогикалық мамандыққа мықты түлектерді ғана қабылдау үшін ҰБТ-ның шекті балы 50-ден 75 баллға дейін көтерілді. Ал осы мамандыққа түсуді ынталандыру үшін болашақ педагогтарға төленетін стипендия 42 мың теңгеге дейін артты.

 

 

 




Көрілген: 5304    Пікірлер: 0

бейсенбі, 11.03.2021, 11:20

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Наурыз, 16:06
    Тарихи күн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31