Жаңалықтар

Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға арналған анимация мектебі ашылмақ

  • Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға арналған анимация мектебі ашылмақ

    Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға арналған анимация мектебі ашылмақ

2021 жылғы ақпаннан бастап ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен «Қазақстан» телерадиокорпорациясы Balapan телеарнасының жанынан «Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға арналған анимация мектебі» жобасы жүзеге асырылмақ.

Жоба мақсаты: ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға болашақта мамандығына айналатын кәсіпті үйрету арқылы жаңа мүмкіндік сыйлау, баланы жаңа қырынан ашу және дамыту, ерекше балаларды әлеуметтік бейімдеуге жәрдемдесу және олардың бос уақытын тиімді өткізуді ұйымдастыру. Сонымен қатар анимация мектебі түлектерін болашақта жұмыспен қамту мүмкіндігін қарастыру. Оқушылар алғашқы айда «Анимация негіздері» тақырыбындағы жалпы дәріске қатысып, анимация саласымен танысады. Әрі қарай қызығушылығы мен бейіміне, мүмкіндігіне қарай бірнеше топқа бөліп оқытылады:

1-топ &ndash 2D аnimation тобы;

2-топ &ndash 3D аnimation тобы;

3-топ &ndash Stop Motion тобы;

4-топ &ndash Сut&ndashout аnimation (қағаздан қиылған анимация) тобы;

5-топ &ndash Ермексаздан анимация жасау тобы

Анимациялық мектеп курсқа қатысушыларды 5 топқа бөліп, арнайы оқу кестесіне сәйкес білім береді. Негізгі сабақ кестесінен бөлек, анимация саласына қатысты шеберлік сыныптары ұйымдастырылады. Бұл шеберлік сабақтарына еліміздегі білікті мамандар тартылады. Жобаға 14-16 жастағы 30 бала іріктеліп, оқыту наурыз-тамыз айлары аралығында онлайн форматта жүргізіледі. Оқушыларды қабылдауда қойылатын талаптар: -Көру, есту, ойлау қабілетінің қалыпты болуы; -Бейнелеу өнеріне, анимация саласына деген қызығушылық деңгейі ескеріледі. Оқу курсы ақысыз негізде, қайырымдылық жобасы ретінде жүзеге асырылады. Оқыту «Қазақстан» телерадиокорпорациясының ұйымдастыруымен жеке анимациялық студиялардың, еліміздегі жетекші мультипликация мамандарының атсалысуымен ерікті түрде жүргізіледі.
turkystan.kz




Көрілген: 352    Пікірлер: 0

жексенбі, 31.01.2021, 08:48

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Наурыз, 16:06
    Тарихи күн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30