Жаңалықтар

Ғалымдар коронавирус пандемиясы тағы неше уақытқа жалғасатынын айтты

  • Ғалымдар коронавирус пандемиясы тағы неше уақытқа жалғасатынын айтты

    Ғалымдар коронавирус пандемиясы тағы неше уақытқа жалғасатынын айтты

 Корея, АҚШ, Ұлыбритания және Германия ғалымдары коронавирус індеті тағы неше уақытқа жалғасатынына болжам жасады деп хабарлайды Хабар24. 

Телеарна таратқан ақпаратқа сәйкес, Билл Гейтс қорының демеуімен вирусты бастапқы кезеңде анықтап, жоя алатын жүйені дамыту қолға алынған. Онлайн режимде өткен конференцияға Корея, АҚШ, Ұлыбритания және Германия ғалымдары қатысты. Жиын барысында Корея университетінің профессоры Ким Ву Джу жұқпалы ауруларды ертерек анықтауға мүмкіндік беретін жүйені жасау үшін "тер төгіп" жатқанын мәлім етті. Ол коронавирус пандемиясы тағы 2 жылға жалғасады деп болжап отыр. Себебі адамдар Covid-19 вирусын алдын алудың негізгі ережелерін сақтамайтынын айтады. Ғалымның сөзінше, "Бір денсаулық" қағидасы сақталса, вирус болмайды. 

"Өткенде адамдар не істеді? Олар джунгли мен орманды жойып, жабайы жануарларды жеп, жаңа ауруларды тудырды.

SARS вирусы Қытайдың оңтүстігінде жабайы мысықтарды тұтынған кезде пайда болды.

Батыс Африкада жарқанат ұсталған кезде Эбола вирусы анықталды.

Қазіргі коронавирус Уханьдағы жабайы табиғат базарындағы жарқанаттан басталды.

Адамзат жабайы жануарларды пайдалану арқылы "Пандора жәшігін" ашты. Сол себепті аурулар таралуын болдырмау үшін "Бір денсаулық" қағидасын сақтау қажет. Ол адамзат, табиғат пен жануарлар бірге үйлесімді өмір сүру керек деген сөз", - деді Ким Ву Джу. Еске сала кетейік, соңғы деректерге сәйкес, Қазақстан бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 80 мыңнан асты. Өткен тәулікте қауіпті індет тағы 1740 адамнан анықтаған. 

Сондай-ақ бұған дейін Қазақ тағамтану академиясының президенті, медицина ғылымдарының докторы Төрегелді Шарманов індет кезіндегі тамақтану мен гигиенаның рөлі туралы айтып берген еді. Оның сөзінше, бірінші кезекте науқастың тамағына ерекше көңіл бөлу қажет.

 




Көрілген: 1701    Пікірлер: 0

жексенбі, 26.07.2020, 09:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30