Жаңалықтар

Ғалымдар: Мерзімінен бұрын туған баланың оқу үлгерімі төмен болады

  • Ғалымдар: Мерзімінен бұрын туған баланың оқу үлгерімі төмен болады

    Ғалымдар: Мерзімінен бұрын туған баланың оқу үлгерімі төмен болады

 Мерзімінен бұрын туылған және жаз айларында өмірге келген балалардың мектептегі үлгерімі төмен болады. Британиялық ғалымдар тобы жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде осындай шешімге келді, деп хабарлайды tass.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.


Ұлыбританиядағы Лидс университетінің ғалымдары 10 мыңнан астам мектеп оқушысына қатысты мағлұматтарды талдап шықты. Мамандар баланың туылған уақыты мен оның мектептегі алғашқы оқу жылында көрсеткен үлгерімін басты назарға алды.


Зерттеу нәтижелері мерзімінен бұрын туылған балалардың оқу үлгерімі белгіленген уақытта өмірге келген бүлдіршіндерден екі есе төмен болатынын көрсеткен. Ал жаз айларында туылып, мектепке әдеттегіден бір жыл бұрын барған балалардың үлгерімі үш есе төмен болып шыққан.


Ғалымдар мерзімінен бұрын туылған балалардың кітап оқуға икемі төмен екенін анықтаған. Сондай-ақ олардың математикалық қабілеттері де баяу дамитын көрінеді. Мамандардың айтуынша, бұл қиындықтар балаға ересек өмірге бет бұрған кезінде де кері әсерін тигізеді.


«Осындай балаларға көмек көрсету мақсатында, мектеп мұғалімдері өз оқушыларының туылған мезгілдері жөнінде хабардар болуы қажет. Бұндай мәлімет балаларға бастапқы білім алу кезеңінде қосымша қолдау көрсетуге мүмкіндік береді», – дейді зерттеу авторларының бірі, доктор Кэтрин Петтингер.


KAZ.NUR.KZ.




Көрілген: 719    Пікірлер: 0

жексенбі, 25.08.2019, 10:38

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 18:06
    Тіл – татулық тірегі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30