Жаңалықтар

Ғасырмен құрдас мектептер...

  • https://egemen.kz/

    https://egemen.kz/

Ақтөбе қаласындағы үш ауысымды мектептер мәселесі өзектілігін жойған жоқ. Соның ішінде әлі  күнге дейін үздіксіз білім беріп келе жатқан кеңес өкіметінің алғашқы жылдары салынған білім беру мекемелері ғимараттарына күрделі сараптама жасау қажет болып отыр. Үш ауысымды мектептер мәселесінің түбірімен шешілмеуіне қала  тұрғындары санының жыл сайын көбейіп жатқандығы да әсер етіп келеді. Облыстық білім басқармасының басшысы Жолдас Батырхан алдағы оқу жылында мектептер жүктемесін азайту тақырыбында қаладағы барлық орта мектеп директорларымен жиын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Жиында алдағы уақытта үш ауысымдық оқуды болдырмау үшін мектеп ғимараттарының жанынан қосымша құрылыс салу жұмыстары пысықталды. Биыл аталған мектептерге жапсарлас құрылыстар салу үшін  жобалау-сметалық құжаттар әзірлеуге облыстық бюджеттен қаржы бөлінді. Қала мектептерінің директорлары 1975-80 жылдары ескі типтік үлгіде салынған  мектептер аумағындағы  бос орындарға жаңа спортзалдар мен шеберханалар салған жағдайда негізгі ғимаратта пәндік оқу кабинеттеріне орын босайтындығын атап өтті.

 

Жолдас Батырхан ең бірінші кезекте күрделі жөндеуді қажет ететін   қаладағы №2 және №51  мектеп-гимназиялары мен №8, №12, №14, №22 орта мектеп ғимараттарының қазіргі жай-күйлерінен толық ақпарат ала отырып, өте ескі, апатты мектептер мәселесін шешуге басымдық берілетіндігін хабарлады. Бүгінде №14 және №22 орта мектеп ғимараттарының жай-күйіне ата-аналар тарапынан алаңдаушылық көп. Бұлар кеңес өкіметінің алғашқы жылдары салынған білім ордалары. Мәселен, 1936 жылы 320 баланың білім алуына арнап салынған №14 орта мектепте қазір 1274 оқушы оқиды. Әр жылдары оқу корпусына жөндеу жұмыстары жүргізіліп келе жатқанына қарамастан, «ескінің аты ескі» дейді осы мектептің директоры. 2018 жылы осы оқу орнының шатыры жаңартылып, 2020 жылы күрделі жөндеуден өтсе де, ғимараттың тарлығы жылдан жылға оқушылар мен мұғалімдерге ыңғайсыздық тудырып келеді.

 

Бүгінде 1025 оқушы білім алып жатқан №22 орта мектеп 1923 жылы салынған. Бірнеше жыл бұрын  мұндағы негізгі оқу корпусының қасына екінші құрылыс  салынды. 2007 жылы осы мектептің жылу жүйесі, 2012 жылы шатыры мен терезелері ауыстырылды. Алайда   қазіргі кезде мұндағы пәндік кабинеттердің тарлығы мен жетіспеушілігі бәрібір өзектілігін жойған жоқ.

 

Жиын соңында осы оқу жылы аяқталған бойы  қаладағы №12, №14, №22, №47 орта мектептеріне қосымша ғимараттар салу жұмыстары басталатындығы белгілі болды.

 

 

 

 




Көрілген: 324    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.03.2021, 12:32

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Наурыз, 16:06
    Тарихи күн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31