Жас мұғалімдерді сипайтын секс-директор дауға қалды

Жас мұғалімдерді сипайтын секс-директор дауға қалды

Павлодар облысындағы мектеп директорының басы дауға қалды. Орта білім ордасының жетекшісі жас мұғалімдерге қырындап, олардың әуретті жерлерін сипаған. Дәл осындай шағымын білдірген нәзік жандар бетімен кеткен басшының жазалануын талап етіп отыр, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

 

Екібастұздағы №9 мектеп ұжымының ішіндегі атмосфера адам ұяларлық! Мектеп директоры Талғат Ахметов қоластындағы қыз-қырқынға қырындап, оларға арам ойын ашық білдіретін көрінеді. Физика пәнінің мұғалімі Дина Мұқатаеваның білім бөліміндегі шенеуніктерге басшысының біртүрлі әрекетіне назар аударуды сұрап жүргеніне бір жыл болған.

 

Дина Мұқатаева, мектеп мұғалімі:

 

- Өз кабинетімде отырсам да, артымнан білдіртпей келіп құшақтап алатынды шығарды. "Біздің ұжымда жұмыс істегеніңізге ризамын", деп алғысын білдірген соң қолымнан сипап, белімнен ұстады. Одан мұндай әрекет күтпеген мен не істерімді білмей қалдым. Жанымда көмекке шақыратын ешкім де болмады.

 

Педагогтың сөзінше, Талғат Ахметов осы жылдың сәуір айында тіпті оның бетінен сүймек болған. Бұған шамданған бұрымды жұмыстан кетпекке бел буыпты. Бірақ бұлай оңай жеңіле салудың бұрыстығын түсінген нәзік жан қалалық білім бөліміне шағым түсірген. Бірақ, ондағылар бұл мәселені назарына ілмеген. Ал қоластындағы қызметкердің арызқойлығына ашуланған директор, оған жұмысты үйіп-төгіпті.

 

Дина Мұқатаева, мектеп мұғалімі:

 

- Кешкі сағат сегізден онға дейін рейдке шығып, шағын ауданда ересектер қарауынсыз жүрген балаларды іздеуге міндеттелдім. Мұндай жасөспірімдерді кезіктірген жағдайда, оларды үйіне апарып, ата-аналарымен сөйлесуге де мәжбүр болдым. Үйіме он бірлер шамасында оралғанда өз балаларым қалың ұйқыда жататын.

 

Әріптестер арасында Дина Мұқатаеваны қолдап, оған демеу білдіргендердің бірі мектептің әлеуметтік педагогы Анар Жақыпова. Ол жас келіншектің жағдайын жақсы түсінеді. Өйткені өзі де директордың дәл осындай әрекетінен жапа шеккен.

 

Анар Жақыпова, әлеуметтік педагог:

 

- Ол мені бірнеше рет үйге көлігімен апарып тастағысы келетінін айтты. Мен үнемі бас тартатынмын. Бір күні ол мені өз кабинетіне шақырып алып, белімнен қапсыра құшақтағысы келгенде, кеудесінен итеріп жібердім. Ал 21 қазан күні кешке мектеп фойесінде такси күтіп отырғанымда, ол тағы да мені үйге апарып тастағысы келетінін алға тартты. Мен тағы да бас тартқанымда, ол мұндай ілтипатты менен басқа өзгелерге көрсетпегенін айтты.

 

Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары мектеп директорының үстінен педагог этикасына жат қылық жасағаны жөнінде екі бірдей арыз келіп түскенін және шағым бойынша тексеріс жүргізілетінін айтты. Бірақ сарапшылар мектеп басшысының әрекетінен ешқандай заңсыздық таппаған. Ал Павлодар облысының білім департаменті қызметкерлері Талғат Ахметовке айыппұл салып, аталған тұлға оны уақытында төлеген. Білім ордасының бас ұстазына қатысты тағы бір этика кеңесі құрылып, тексеріс жүргізу тапсырылған. Дегенмен...

 

Мәриям Маликова, Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары:

 

- Мектеп директоры 27 қарашадан бастап денсаулығына байланысты демалыс алған. Бұл фактіні азамат тіркелген емхана да растады. Сол себепті оны қазір тексеру мүмкін болмай тұр.

 

Ал ұжымдағы жас мамандардың қарғысына қалып, қазір ауырып жатыр деген мектеп директорын түсірілім тобы қалалық әкімдік ішінен күтпеген жерден кезіктіріп қалды. Камераны көрген Талғат Ахметов тым асығыс екенін айтып, қоластындағы қызметкерлердің сөзін жала деп қысқа қайырды.

 

Талғат Ахметов, мектеп директоры:

 

- Маған тағылған айыптаулардың барлығы жала. Ешқандай дәлелсіз. Олар болған жайтты тым әсірелеп айтып жүр. Ал бұдан бұрын мен мұғалімдің арқасы мен қолын байқаусыз қағып жібергенім үшін, сондай - ақ арақашықтықты сақтамағаным үшін әкімшілік айыппұлға іліктім. Ал қалғанының бәрі дақпырт әңгіме.

 

Бірақ дау мұнымен бітпейді! Білім ордасының директоры жұмысқа шыққан соң оның ісін этика кеңесі май шаммен қарауға бекініп отыр. Егер комиссия оның әрекетінен кілтипан тапса, онда бұрымдыларға қырғидай тиген басшы қызметінен қуылуы мүмкін!

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста