Жаңалықтар

Жас өнертапқыш орысша түсініп, қазақ тілінде сөйлейтін робот құрастырды

  • Жас өнертапқыш орысша түсініп, қазақ тілінде сөйлейтін робот құрастырды

    Жас өнертапқыш орысша түсініп, қазақ тілінде сөйлейтін робот құрастырды

Елімізде талантты жастар аз емес. Бәлкім Президент өз Жолдауында айтқан 100 мың білікті IT-маманның қатарын болашақ программист Жанғали Мақсұтов та толықтырар. Жас өнертапқыш орысша түсініп, қазақ тілінде сөйлейтін роботты құрастырыпты. Ақылды машина дыбыспен басқару арқылы жұмыс істейді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тайрант есімді роботтың сызбасы осыдан 4 жыл бұрын сызылып, 2019 жылы дизайны жасалған. Тағы екі жылда қаңқасы әзірленіп, программасы орнатылыпты. Ақылды машинаның әр бөлшегін Сәтбаев университетінің 4 курс студенті  Оптимус Прайм фильмнің кейіпкеріне ұқсатып өз қолымен құрастырған. Орысша сұрақ қойсаң, қазақ тілінде жауап беретін Тайрант 26 функцияны орындай алады. Бұған дейін Жанғали төрт роботты құрастырыпты.

«Төрт роботта сөйлеу білмейтін. Осы бесінші роботқа сөйлететіндей қылып, іс-қимыл әрекет жасап, сәл де болса біраз фунциялар қосқан болатынбыз», – деді Сәтбаев университетінің 4 курс студенті Жанғали Мақсұтов.

Студенттің бұл жаңалығы жария болған кезде, мұғалімдер таңданысын жасыра алмапты. Студентіміз университет қабырғасында тұйық, сабақ үлгерімімен еш ерекшеленбеген дейді. Ол өз біліктілігін дамыту үшін қосымша сабақтарға қатысқанын да жасырмады. Университет тәлімгерлері Жанғалидың бұл еңбегін өте жоғары нәтиже деп санайды екен.

«Студент үшін бұл өте үлкен жұмыс деп есептейміз. Өйткені, басқару бағдарламасын жасап, макетін құрастырып жатыр», – деді Сәтбаев университетінің ассистент-профессоры Қуаныш Әбдіжаппаров.

Талантты студенттің бірінші роботы жарықты жағып өшіре алса, екіншісі стақанды алып кеп береді, үшіншісі өз аяғымен жүре алады. Сол сияқты бұл роботтың өз баламаларын құрастыру да Жанғалидың ойында бар. Енді өнертапқыш Тайрант 2 роботын алдағы 4 айда құрастыруды жоспарлап отыр.

Almaty.tv.




Көрілген: 364    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 06.09.2021, 16:12

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 00:34
    Ұстаз мерейі
    24 Қыркүйек, 17:13
    Табиғаттың өзі емші!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31