Жаңалықтар

Желіде жаппай жылаған бірінші сынып оқушыларының видеосы тарады

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Ғаламторда жаппай жылаған мектеп оқушыларының видеосы кең тарап кетті. Олардың шамамен бірінші сынып оқушылары болуы мүмкін деп жазады KAZ.NUR.KZ.


Бейнеролик Instagram-дағы almaty_chp парақшасында жарияланды.


Кадрда мектеп формасын киген кішкентай балақайлардың жылап-сықтап, айналасына қорқынышпен қарағанын көруге болады.


Видео шамамен 1 немесе 2 қыркүйек күні түсірілген.


Бірнеше ересек әйел адамдар, шамамен мұғалімдер, бірінші сынып оқушыларын сабырға шақырмақ болған. Алайда сәтсіз. Роликтің соңында қыздардың бірі оқытушыға жақындап, анасына барғысы келетінін айтады.


Видеоның нақты қай жерде түсірілгені белгісіз.


Кейбір пікір жазушылар өздерінің мектеп кездерін еске алды.


"Өте аянышты! ", "Білмеймін", Біздің мектепте ондай болмаған. Демек, ата-аналар балаларын үйде дайындамаған", "5 жаста 0 сыныпқа жіберіледі, балалар бұл жаста ондайға дайын емес, 6 жасында 0 сыныпқа барса, бала бәрін жақсырақ түсінеді. Ал 5 жаста олар мұны қаламайды"

"Министрлер күн сайын келіп-кетіп жатыр. Әрқайсысы өз шаруасымен әлек. Ал балалар жапа шегу керек", - деп жазды желі қолданушалары.

Басқалары бір партада үш баладан отырғанын көріп, сыныптың олар үшін тым тар екенін сөз етті.


"Бір партада үш баладан? Балалар үшін артық парта табылмады ма?", "Парта екі адамға қарастырылған. Олар бір-біріне кедергі жасап, дұрыс жаза алмайды ғой", - деп жазды желідегілер.





 




Көрілген: 640    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.09.2019, 11:12

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 18:06
    Тіл – татулық тірегі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30