Жаңалықтар

Жергілікті билік жалғыз қазақ мектебін колледждің ескі ғимаратына көшірмек болған

  • © klubmama.ru

    © klubmama.ru

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанайдағы қазақ мектебіне қатысты мәселені жаңа оқу жылына дейін шешуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.


Бұған дейін БАҚ-та Сырбай Мәуленов атындағы №24 бастауыш мектепті Бородин көшесіндегі бұрынғы Қостанай кәсіптік-техникалық колледжінің ғимаратына көшіргелі жатыр деген ақпарат тараған болатын. Ал мектептің ғимаратын балабақшаға айналдыру жоспарланған екен. Алайда оқушылардың ата-аналары жергілікті биліктің бұл бастамасына қарсы шықты.


Осыдан кейін мемлекет басшысы білім және ғылым министрі мен облыс әкіміне мәселені шешуді тапсырды.



​"Жергілікті тұрғындардың пікіріне қарағанда, Қостанайдағы қазақ тілінде білім беретін жалғыз мектепке қатысты күрделі жағдай қалыптасып отыр. Білім министрі және облыс әкімі барлық мәселені жаңа оқу жылына дейін шешуі тиіс", - деп жазды Тоқаев твиттердегі парақшасында.


Тағы оқыңыз: Ата-аналарды мазалаған мәселе білім беру бағдарламасына енгізілуі мүмкін


Айта кетсек, бұған дейін қостанайлық ата-аналар қазақ тілінде білім беретін жалғыз мектептің жай-күйі нашар екенін айтып шағымданған болатын.


 




Көрілген: 395    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.07.2019, 12:49

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30