Жаңалықтар

ЖОО-лардағы оқу мерзімі қысқаруы мүмкін

  • © sputniknews.kz

    © sputniknews.kz

Бұл туралы саяси ғылымдар докторы Шәріпбек Әмірбеков айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

 

&mdash Қазақстанда 800-ге жуық колледж бар, олардың барлығы кредиттік оқыту технологиясына көшуі тиіс. Бұл дегеніміз, оқу бітірген түлектер жоғары оқу орындарына түсіп, бірақ төрт емес, 2,5&mdash3 жыл оқиды.

Ең бастысы &mdash ЖОО түлектерін жұмысқа орналасуы. Президент бұл туралы бірнеше рет айтқан болатын. Үкімет қаулысымен жоғары оқу орындарының түлектері жұмысқа орналаса алмаса, мамандықтар да, жоғары оқу орындарының өздері де біртіндеп жабылады деген норма қабылданды, &mdash деп атап өтті Әмірбеков.

 

Оның айтуынша, мемлекет биыл оқуға түскендер мен төрт жылдан кейін бітіргендердің санын бақылайтын болады.

 

&mdash Ақылы жоғары оқу орындарының талапкерлеріне емтихандар да енгізіледі. Шетелдік топ-менеджерлерді тарту &mdash биылғы жылы енгізілген жаңалық. Қазір шетелдік проректорлар мен ректорларды тарта бастады. Мысалы, медицина университетіндегі бірінші проректор Польшадан келген. НАРХОЗ-да &mdash  Америкадан келген маман. Мұның қаншалықты тиімді екенін уақыт көрсетеді, &mdash деп түйіндеді Әмірбеков.

 

 




Көрілген: 1501    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.10.2020, 00:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31