Жаңалықтар

«ЖОО үздік оқытушысы-2020» байқауының жеңімпаздары анықталды

  • https://www.kommersant.ru/

    https://www.kommersant.ru/

Қазақстанда «ЖОО үздік оқытушысы &ndash 2020» байқауының жеңімпаздары анықталды. Еліміздің 48 жоғары оқу орнынан 150 адам «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына ие болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Жеңімпаздар өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және біліктілігін арттыру мақсатында әлемнің жетекші университеттерінде тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алды.

 

Конкурсқа республиканың 73 жоғары оқу орнынан 623 үміткер қатысты. Оқытушылардың қызметі үміткерлердің жұмысын бағалаудың өзекті сапалық және сандық 2 блоктан тұратын көрсеткіштері бойынша бағаланды: I блок &ndash оқыту сапасы, II блок &ndash ғылыми-зерттеу қызметі.

 

Биыл алғаш рет «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы &ndash 2020» конкурсына қатысуға өтінімдер беру, құжаттарды тексеру рәсімі, сондай-ақ апелляция онлайн режимде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы жүргізілді. Конкурстың әрбір кезеңінде үміткерлердің жинаған балдары автоматты түрде ақпараттық жүйеде жарияланып, конкурс үміткерлері өз нәтижелерін онлайн режимде бақылай алды.

 

«Сондай-ақ үміткерлер үшін сарапшылардың қойған бағаларымен келіспеген жағдайда апелляцияға беру мүмкіндігі болды. Апелляцияға барлығы 280 адам өтініш беріп, 73 үміткердің көрсеткіштері қанағаттандырылды», - делінген хабарламада.

 

Республикалық кезеңде үміткерлердің жұмыстарын тексеру мақсатында Республикалық сараптау комиссиясы құрылып, оның құрамына ҚР БҒМ «Adal Bilim» сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жобалық кеңсесінің қызметкерлері, ғалымдар мен оқытушылар, сондай-ақ өткен жылдардағы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегерлері кірді.

 

Ұсынылған құжаттарды сапалы және адал тексеру мақсатында кандидаттардың материалдары сараптама тобының мүшелері арасында кездейсоқ бөлінді.

 

 

 




Көрілген: 540    Пікірлер: 0

жексенбі, 24.01.2021, 12:14

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Наурыз, 16:06
    Тарихи күн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30