Жаңалықтар

Жүлде қоры 1 млн доллар. Семейлік ұстаз әлемдік сайысқа қатысады

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

Семей қаласындағы №3 жалпы орта білім беретін мектеп-кешенінде орыс тілі және әдебиеті пәнінен сабақ беретін Мейрамгүл Жанаспаева «Әлем мұғалімі» сайысында бақ сынамақ, деп хабарлайды 24.kz.

 

30 жылдық еңбек өтілі бар ардақты жан бұған дейін Қазақстанның үздік ұстазы атағын жеңіп алған. Оның оқыту тәсілінің ерекшелігі мектеп бағдарламасына экология тақырыбын үйлестіре білген. Осының арқасында өзі жұмыс істейтін білім ордасы «Қазақстанның үздік экомектебі» атағын жеңіп алды. Егер жаһандық байқауда үздік атанып, топ жарса сыйлыққа бір миллион АҚШ долларын алуға мүмкіндік бар.

 

«Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығы мен жаһандық «Әлем мұғалімі» байқауларының басты мақсаты ұстаз мәртебесін жоғарылату. Ал менің жетістігім – біздің мектеп ұжымының ортақ жұмысы, өйткені бұл жобаны әріптес ұстаздармен бірге атқарып келемін.Мектеп – кеме, білім – теңіз демекші, біздің міндетіміз шәкірттердің жүрегіне жылу сыйлап, бойына жасампаздық қасиеттерді сіңіре білу, – деді Мейрамгүл Жанаспаева.

 

 

 

BAQ.KZ




Көрілген: 3081    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 26.04.2021, 01:05

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30