Жаңалықтар

"Кальмар ойыны" оқушылар үшін қауіпті ме?: Білім министрлігі пікір білдірді

  • "Кальмар ойыны" оқушылар үшін қауіпті ме?: Білім министрлігі пікір білдірді

Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова әлемді шулатып, көптеген ата-аналарды алаңдатқан оңтүстіккореялық "Кальмар ойыны" сериалы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Фильм Қазақстанда түсірілмеген. Фильмде белгілі бір шектеулер бар, ол 18 жастан асқан ересектерге арналған. Сондықтан, ең алдымен ата-аналар осы фактіге назар аударуы қажет. Екіншіден, ата-аналар да, мектеп те тәрбиелік шаралар аясында балаларға пайдалы ақпаратты теріс ақпараттан ажырату дағдыларын үйретуі керек. Мектептерде де осы мәселеге назар аударған жөн. Әрине, балалар психикасы енді-енді қалыптасу кезеңінде. Сондықтан кез келген ақпаратты үйде ата-аналар, мектепте – педагогтар бақылауы керек", - деп жауап берді вице-министрі. 

 
Оның айтуынша, биылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында жаһандық құзыреттілік курсы енгізіліп жатыр.

Бұл курс балалардың сыни ойлауын, эмоционалды интеллектісін дамытады, ақпаратты ажырата білуге үйретеді, оны дұрыс таңдайды.

Шолпан Қаринова мектептер өздерінің тәрбиелік функциялары аясында сериалға қатысты шектеулерге назар аударуы керектігін айтты.




Көрілген: 532    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.10.2021, 14:31

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31