Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев"Қазақ тілі болуы тиіс" Тоқаев үштілділікке қатысты ұстанымын айтты

  • Қасым-Жомарт Тоқаев

    Қасым-Жомарт Тоқаев"Қазақ тілі болуы тиіс" Тоқаев үштілділікке қатысты ұстанымын айтты

Тоқаевтың айтуынша, қазақ және орыс тілдерінің балалар үшін маңызы зор. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үштілділік бағдарламасына қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.


Мемлекет басшысы өңір әкімдерінің қатысуымен өткен кеңесте үкімет мүшелерінің баяндамаларын талқылай отырып, білім беру жүйесінің үштілділік бағдарламасын іске асыру мәселесіне назар аударды.


"Бұл – өте күрделі әрі маңызды мәселе. Менің ұстанымым, біріншіден, қазақ тілі болуға тиіс, орыс тілі болуға тиіс. Бұлардың балаларымыз үшін маңызы зор. Тек содан кейін ғана ағылшын тілін оқыту керек", – деді Қазақстан президенті.


Айта кетсек, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың үштілділік туралы идеясы алғаш рет 2006 жылы Қазақстан Халқы Ассамблеясының ХІІ сессиясында айтылды. Ол кезде тұңғыш президент кем дегенде үш тілді білу біздің балаларымыздың болашағы үшін өте маңызды деген болатын.


Содан соң Назарбаев "Үш тілде білім беруді дамыту жол картасын" дайындауды тапсырды. Бағдарламалық құжатта 2015-2020 жылдарға 7 стратегиялық бағыт қамтылған: заңнамалық базаны құру, үш тілде білім беру мәселелері бойынша ғылыми қызмет, үш тілде білім беруді әдістемелік қамтамасыз ету, мамандарды дайындау және білімді жоғарылату, үш тілде білім беруді институционалды қолдау, үш тілде білім беруді ақпараттық қолдау, сонымен қатар білімді қаржыландыру. 




Көрілген: 720    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.03.2019, 15:02

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қыркүйек, 18:06
    Тіл – татулық тірегі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30