Жаңалықтар

Қазақстан мектептерінде жаңа қызмет пайда болды

  • Қазақстан мектептерінде жаңа қызмет пайда болды

    Қазақстан мектептерінде жаңа қызмет пайда болды

Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, мұндай мамандар ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларды оқытуда, яғни инклюзивті білім беруде сұранысқа ие.

 “Олар балалардың мектепке тез сіңісіп кетуіне көмектеседі. Еліміздің барлық өңірінде 700-ге жуық педагог-ассистент жұмысқа кірісті", - делінген ақпаратта.

Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімованың айтуынша, педагог-ассистенттің қызметке кірісуі мұғалімді алмастыру дегенді білдірмейді. Педагог-ассистентке педагогика мен психология бағытында ерекше мақсат-міндет қойылған.

"Бұл мұғалімді алмастыру деген сөз емес. Педагог-ассистенттердің алдында педагогика мен психология тоғысында ерекше мақсат-міндеттер қойылған. Атап айтсақ, балаларды бағыттау, олардың оқу процесіне бейімделулеріне көмектесу. Әңгіме ерекше қажеттіліктері бар балалар туралы болғандықтан, педагог-ассистент техникалық қолдау да көрсете алады. Мәселен, егер бала өз бетінше қозғала алмаса. Немесе егер балаға дефектологтың көмегі қажет болса, педагогикалық қолдау қажет. Біз бұл жұмыста белсенділік танытып жүрген үкіметтік емес ұйымдарға ризашылығымызды білдіреміз", — дейді ол. 

Сондай-ақ педагог-ассистент ерекше білім беру қажет балаларға арналған жеке білім беру бағдарламасын әзірлеуге қатысады. Қажет болған жағдайда оқу бағдарламасы білім алушының қажеттілігіне қарай бейімделеді.

Мұндай мамандар ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайдың сақталуын қадағалайды.

Министрлік педагог-ассистенттерді басқа да білім беру ұйымдарына қосу, сондай-ақ олардың жұмыс жүктемесін анықтау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

stan.kz




Көрілген: 316    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.09.2021, 14:33

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 00:34
    Ұстаз мерейі
    24 Қыркүйек, 17:13
    Табиғаттың өзі емші!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31