Жаңалықтар

Қазақстанда балаларға үшінші сыныптан бастап секс туралы оқыту ұсынылды

  • Иллюстрациялық фото ©Тұрар Қазанғапов

    Иллюстрациялық фото ©Тұрар Қазанғапов

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, Қазақстанда кәмелет жасына толмағандар жылына мыңға жуық аборт жасайды. Осы статистикаға байланысты мамандар балаларға төменгі сыныптан бастап секс туралы айтуды ұсынды, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

 

Акушер-гинеколог Галина Гребенникованың айтуынша, 15 жаста аяғы ауыр болған бойжеткеннің қайтыс болу қаупі ересектерге қарағанда 20 есе жоғары.

 

Ерте жастан аяғы ауыр болу денсаулыққа ғана зиян емес, бұл өз-өзіне қол жұмсауға да әкеп соғады. Сондықтан, мұндай тақырыпты мектептен бастап қозғаған жөн, дейді мамандар.

 

"Сегізінші сыныптағы анатомия деңгейінде емес, ертерек, үшінші-төртінші сыныптан бастау керек. Оны тәжірибелі педагог жүргізуі қажет. Бұл тақырып жабық күйінде қалмауы керек. Жабық тақырып қара базармен тең. Бұл "Секс жоқ" дегенмен бірдей. Ол қалай жоқ? Ол тамақ ішу, ұйықтау, өмір сүрумен бір қатарда тұр. Осылай түсіндіру керек", - дейді Қазақстан репродуктив медицина қауымдастығының президенті Вячеслав Локшин.

 

kaz.tengrinews.kz 

 




Көрілген: 211    Пікірлер: 0

сейсенбі, 03.03.2020, 10:12

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Наурыз, 23:08
    Мектепте оқу қауіпті
    1 Наурыз, 20:14
    Алғыс айтып жүрейік...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30