Жаңалықтар

Қазақстанда диссертация қорғау талаптары күшейтіледі

  • Қазақстанда диссертация қорғау талаптары күшейтіледі

    Қазақстанда диссертация қорғау талаптары күшейтіледі

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ғылыми кадрларды даярлауды жетілдіру және академиялық ортаны жақсарту шаралары жайлы айтты. Шаралардың көп бөлігін Білім және ғылым министрлігі жанындағы жас ғалымдар кеңесі ұсынды, дейді министр. Бұл туралы ол өзінің Facebook парағында толық жазды.
Аймағамбетовтың айтуынша, диссертацияны қорғау үшін қажетті басылымдарға қойылатын талаптарды өзгерту бойынша ҚР БҒМ бұйрығының жобасы дайындалды. ҚР БҒМ №127 бұйрығына сәйкес, докторантқа қорғауға шығу үшін міндетті түрде жеті мақала жариялау керек, бұл ретте сапасы бойынша ерекше талаптар қойылмайды.

"Нәтижесінде басты назар тек сандық көрсеткішке аударылып, мақалалар сапасы күмәнді журналдарда жариялана бастайды. Кейін ғалымдарымыздың мақалалары халықаралық базалардан шығарылған белгісіз бір журналдарда басылып шыққанда таң қалып жатамыз. Әлбетте, қалыптасқан бұл дәстүрді өзгерту керек. Яғни, сұранысқа ие емес "әлсіз" журналдарда мақалалардың көп жариялануына қарағанда, беделді журналдарда сапалы жарияланымдар аз шыққаны жақсырақ деп анық айтуға болады", - дейді ол.

Бұған қоса, диссертациялық кеңес туралы үлгілік ережеге диссертациялық кеңес мүшелеріне қойылатын талаптарды арттыру жөніндегі жаңа норма енгізіледі. Кеңес мүшелерінің кемінде 2/3 бөлігінде Хирш индексі мен рецензияланатын халықаралық ғылыми журналдарда кемінде үш жарияланым болуы тиіс. Әлеуметтік-гуманитарлық бағыттар үшін бұл көрсеткіштер төмен болады.

Сондай-ақ, магистрлік және докторлық диссертациялар жетекшілеріне қойылатын талаптар да өзгереді.

"Мәселен, егер бүгінгі таңда докторанттан күшті журналдарда жарияланым талап етілсе, онда ғылыми жетекшінің де осындай жарияланымдары болуы тиіс. Қазіргі уақытта іс жүзінде тиісті талаптар жоқ", - дейді министр. 




Көрілген: 270    Пікірлер: 0

жексенбі, 26.01.2020, 16:03

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Наурыз, 23:08
    Мектепте оқу қауіпті
    1 Наурыз, 20:14
    Алғыс айтып жүрейік...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30