Жаңалықтар

Қазақстанда орыс тілді мектептер неге азайып жатыр – министрдің жауабы

  • Қазақстанда орыс тілді мектептер неге азайып жатыр – министрдің жауабы

    Қазақстанда орыс тілді мектептер неге азайып жатыр – министрдің жауабы

Білім министрінің айтуынша, мұндай тенденция ата-аналардың өз балаларын қазақ мектептеріне жиі беруімен байланысты. Қазақстанда мектептердің 75%-і қазақ тілінде оқытса, қалған 25%-і – орыс тілді. "Orda News" YouTube-каналына берген сұхбатында білім министрі Асхат Аймағамбетов орта білімдегі үрдістер туралы айтты.


"Қазақ тілінде оқытатын мектептерді таңдайтын ата-аналар саны жыл сайын артып келеді. Бұл мәселеде демография рөл ойнап тұр. Егер сен орыс тілінде білім алғың келсе, бұған тыйым салу деген дүние жоқ", - деді Аймағамбетов. 

Министрдің сөзінше, ол Қарағанды облысының білім басқармасын басқарып тұрған кезде-ақ (2014-2017 жылдары) орыс тілді оқытушылар мен орыс тілінде оқитын балалар санының азаю тенденциясы байқалған.

Бұған дейін мектеп оқушылары жаңа оқу жылында дәстүрлі форматқа оралып-оралмайтыны белгілі болды. Білім министрінің айтуынша, барлығы халықты вакциналау қарқынына байланысты болмақ.




Көрілген: 2236    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 07.06.2021, 13:53

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31