Жаңалықтар

"Қазақстандық мектептерде 25 тамыздан бастап бірыңғай қашықтан оқыту басталады" - Білім министрлігі

  • "Қазақстандық мектептерде 25 тамыздан бастап бірыңғай қашықтан оқыту басталады" - Білім министрлігі

 Қазақстанда 25-28 тамыз аралығында мектептерде білім диагностикасы және өткен материалды қайталау бойынша бірыңғай қашықтан сабақтар өтеді. Бұл туралы білім және ғылым министрлігінде мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Білімді диагностикалау және өткен материалды қайталау сабағы 2-11 сынып оқушылары үшін жаңа 2020-2021 оқу жылына дайындық аясында өткізіледі.

"Оқу процесі әр мектеп алдын-ала таңдаған интернет-платформалардың көмегімен қашықтық форматта ұйымдастырылған. Сабақтар сағат 10:00-де басталады, ұзақтығы - 20-дан 40 минутқа дейін. Күнтізбеге негізгі пәндер кіреді", - деді білім министрлігі.

2-4 сыныптар үшін 2-3 сабақ, 5-8 сыныптар үшін 3-4 сабақ, 9-11 сыныптар үшін 4-5 сабақ өткізу ұсынылады.

Бірінші және екінші күндері, яғни 25-26 тамызда білімді диагностикалау ұсынылады. Сабақта төртінші тоқсанның өткен материалы тест тапсырмалары, есептерді шешу, жаттығуларды орындау түрінде қайталанады.

Үшінші және төртінші күндері, яғни 27-28 тамызда - өткен материалды қайталау және білімді диагностикалау нәтижелері бойынша сараланған жаттығулар мен тапсырмаларды орындау сабақтары.

Еске сала кетейік, 19 тамызда Қазақстан мектептерінде мұғалімдердің бірыңғай кеңесі, 20 тамызда ата-аналар жиналысы өтті.

Қазақстанда оқу жылы 1 қыркүйектен басталады. Білім күн тарихта алғаш рет онлайн режимінде өтеді.

Stan.kz




Көрілген: 476    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 24.08.2020, 19:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қыркүйек, 00:14
    БАЛАНЫҢ КӨЗІНШЕ...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31