Жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар жазғы демалыста да сабақ оқиды: Ата-аналар қарсылық білдірді

  • Қазақстандық оқушылар жазғы демалыста да сабақ оқиды: Ата-аналар қарсылық білдірді

    Қазақстандық оқушылар жазғы демалыста да сабақ оқиды: Ата-аналар қарсылық білдірді

Қазақстандық студенттердің ата-аналары білім министрінің қашықтықтан оқыту кезінде білім деңгейі төмендеген балаларға арналған жазғы мектептер ашу туралы бастамасын талқылап жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап. Екі баланың анасы Динара Өтеулиева жазғы мектептерге мүлдем қарсы. Ол демалыс кезінде балалар оқымай, демалуы керек деп санайды. 10 жастағы Алдияр да анасымен келіседі.

 
"Бізді не күтіп тұрғаны белгісіз. Сабақ қандай форматта өтеді, дәстүрлі форматта оқиды ма жоқ онлайн білім алады ма, маска қажет пе, жоқ па білмейміз. Бұл мен үшін өте маңызды, өйткені маска кию балалардың денсаулығына өте зиян деп санаймын", - дейді Ақтөбе қаласының тұрғыны. 

Білім министрлігі пандемияға байланысты балалардағы білім сапасы төмендегенін мойындады. Оқу үлгерімінен артта қалғандар жазда мектептерге барады деп жоспарлап отыр.


Сотталушыға зорланған оқушы қызға үйлен деген: Қылмыскерге ақылға қонымсыз ұсыныс жасаған судья көптің ызасына тиді
Желідегі танымал мектеп оқушысы 30 жастағы ер адам болып шыққан

"Жұмыс өте қиын болады, өйткені біз осы бір жарым жыл ішінде білім алушылардың сабақ үлгерімі нашарлағанын білеміз. Сондықтан бұл ұсыныс өте орынды деп ойлаймын, - дейді  Ақтөбе қаласының білім бөлімінің әдіскері Ақманар Сүлейменова. 

Кейбір мектептерде жазда да білім беруге дайын екенін айтты. Бұл айтарлықтай қиын процесс емес дейді білім беру ұйымдары. 

"Баласының дамуын қалайтын ата-аналар арнайы ашылған ағылшын, математика, қазақ тілдеріндегі жазғы демалыс мектептері қосымша білім алуға жібереді", - дейді нөмірі 23-орта метептің директоры Гүлнар Нәрімбетова. 

Білім министрлігінің жоспарларына сәйкес, жаз мезгілінде мектеп оқушыларына мемлекеттік тапсырыс беріп, оқыту үшін жеке ұйымдар да тартылатын болады. Бірақ көп нәрсе елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады.




Көрілген: 389    Пікірлер: 0

жексенбі, 14.03.2021, 17:43

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Наурыз, 16:06
    Тарихи күн

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31